Түркия астанасы Анкарада қазақ мәдени орталығы ашылды.
Бауырлас елде өмір сүріп жатқан қазақ этносының өкілдері, білім алып жатқан қазақстандық студенттер мен іскер азаматтар енді «Көк ту» деп аталған орталықта бас қоса алатын болды. Орталықтың мақсаты – түрік жерінде қазақ мәдениетін жаңғырту, жас ұрпақты ұлттық салт-дәстүрді насихаттау. Мұнда түрлі көрмелер, концерттер, кездесулер ұйымдастырылып, қазақ тілін үйрету курстары, домбыра, қолөнер үйірмелері жұмыс істейді.