Қызылжар өңіріне жұмыс сапарымен «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев келді.
Партия мемлекет басшысы Нұрсултан Назарбаев берген тапсырмалардың орындалу барысын бақылауда ұстап отыр. Білім беру, денсаулық сақтау салаларын дамыту, еңбекақыны өсіру, «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасы бойынша алғашқы жарнаны субсидиялау және басқа бағыттарда облыста атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысу үшін партия төрағасының бірінші орынбасары өңірдегі партия активінің жиынын өткізіп, студент жастармен кездесті, облыс орталығындағы кәсіпорындарды аралады.