«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 19.12.2018

ТӘҢІР СЫЙЫ

Өткен жетпіс жылға жуық ғұмырыма бұрылып қарасам, бүгініме шүкір айтамын. Алла тағала бізге Тәуелсіздіктің арайлы таңын көріп, егемендіктің талбесігінде емін-еркін тербетіліп өсіп келе жатқан ұрпақтарымыздың қуанышына куә болуды нәсіп етті. Тәуелсіздік тілдің ұшындағы сөз емес. Біз осынау қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған, өз қолымыз өзіміздің аузымызға жетіп отырған күнге түн қатып, түс қашып, аттан түспеген ата-бабаларымыздың …

ТӘҢІР СЫЙЫ Read More »

АЛТЫНБЕК САПАРОВ – ҮЗДІК ДЕПУТАТ

Алтыншы шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезекті жиырма жетінші сессиясында халық қалаулылары өңіріміздің алдағы үш жылға арналған бюджеті, әлеуметтік-экономикалық дамуының бірқатар мәселелерін талқылады. Депутаттар жиналысына өңір басшысының бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров, облыстық және аумақтық басқармалар мен департаменттердің басшылары, қалалық, аудандық мәслихаттардың хатшылары қатысты.

ТҰРМЫСЫ ТҮЗЕЛГЕН АУЫЛ

Аққайың ауданындағы Рублевка ауылында “Иван Зенченко” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бір мың басқа арналған мал шаруашылығы кешенін пайдалануға берді. Ауданға жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Құмар Ақсақалов заманауи фермада болып, ондағы істің жайымен танысты.

НАГРАДАЛАРЫҢЫЗБЕН, ЖЕРЛЕСТЕР!

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен мемлекеттік және қоғамдық қызметке сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін бір топ солтүстікқазақстандық мемлекеттік наградалармен марапатталды:

ЛАЙЫҚТЫЛАРҒА — МАРАПАТ

Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің өсіп-өркендеуіне зор үлес қосқан бірқатар азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады. Атап айтқанда, “Парасат” ордені Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловқа, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұловқа, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы Саян Ахметжановқа, “Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті” РМК ректоры Такир Балықбаевқа, “ҚР …

ЛАЙЫҚТЫЛАРҒА — МАРАПАТ Read More »