«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 27.12.2018

ҚАЗАҚ ТОПЫРАҒЫНАН ТҮЛЕП ҰШҚАН ЖҰЛДЫЗДАР. ВЛАДИМИР КЛИЧКО

Есімі әлем жұртшылығына белгілі украин боксшысы Владимир Кличконың кіндік қаны 1976 жылы қазақ жерінде тамды. Нақтырақ айтсақ, ол Шығыс Қазақстан облысындағы Семей қаласында дүниеге келіп, балалық шағын осы шаһарда өткізді.

SHATTYQ SYILADY

Jańa jyl qarsańynda oblystyq balalar aýrýhanasynyń ujymy kіshkentaı naýqastarǵa kóterіńkі kóńіl kúı syılady. Aýrýhanada balalarǵa tosyn syı ázіrleý dástúrge aınalǵan. Bıyl da atalmysh mekeme em qabyldap jatqan 178 búldіrshіnge syılyq tartý etіp, Aıaz ata men Aqshaqar merekelіk keshtіń kórkіn qyzdyrdy.

ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА

Макаода тай боксынан өткен Азия біріншілігінен солтүстікқазақстандық спортшылар жүлделі оралды. Байрақты бәсекеге әлемнің 32 елінен 300-ден астам спортшы қатысқан болатын.

КӨПСАЙЫСШЫЛАР ЕРЛЕДІ

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның орталығында қысқы президенттік көпсайыстан ел кубогы өтті. Дәстүрлі додаға Астана қаласынан, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарынан келген 120 спортшы қатысты.

ҚОРЖЫНДА – ҮШ МЕДАЛЬ

Катар астанасы – Доха қаласында ауыр атлетикадан “Катар кубогы” аяқталды. 2020 жылы Токиода алауы жағылатын жазғы Олимпиада ойындарының лицензиялық турнирінде ел құрамасының қоржыны үш медальмен толықты.

ШЫРША КЕСУШІЛЕРМЕН КҮРЕС

Облысымызда қылқанжапырақты ағаштарды сақтау бойынша жұмыстар жандандырылды. Полицейлер орман және аңшылық шаруашылығы облыстық аумақтық инcпекциясының қызметкерлерімен бірлескен рейдке шықты. Басты міндет – ағаш кесудің заңсыз фактілерін анықтап, жолын кесу.

ДҰҒАҒА КЕШІКПЕЙ КЕЛЕЙІК

Биыл облыс орталығындағы 20-шы шағынауданда көптен күткен жаңа мешіт ашылып, жергілікті мұсылман қауымы үлкен қуанышқа бөленді. Содан бері имандылық ордасына баратындардың қатары қалыңдағанын көріп жүрміз.

САЛЫҚ ТӨЛЕУ СЕРВИСІ

Жеке тұлғалар үшін салық төлемдерін қарау және төлеу сервисі іске қосылды. Аталмыш қызмет түрі “eGov.kz” порталының басты бетіндегі “Сервистер” бөлімінде орналастырылған.

СӨНБЕГЕН МАХАББАТ

Мен сөз еткелі отырған ғашықтар – бүгінде арамызда жүрген жандар. Олардың қанша жыл өтсе де сөнбеген шынайы махаббаттары, жүріп өткен жолдары сайрап жатыр. Мақалада кейіпкерлердің есімдері өзгертіліп берілгенімен, айтайын деп отырған әңгімемнің ешқандай қоспасы жоқ, шындық.

ЖЕМІСТІ ЖЫЛ

Биыл тәуелсіздігіміздің 27 жылдығын атап өттік. Бұл жыл мен үшін тағы бір жемісті кезең болды. Мен – мәртебелі мамандық иесімін, сүйікті жұмысым, жақсы көретін оқушыларым бар. Бүгінде бойыма үздік тәжірибелерді жинақтай отырып, жастарға сапалы білім бере алатыныма қуанамын. Бұған талпынысымның, еңбекқорлығым мен мамандығыма деген сүйіспеншілігімнің арқасында қол жеткіздім десем, артық айтқаным болмас.

БАСТАУЫШ ЖАБЫЛСА, БАЛҒЫНДАР ҚАЙТПЕК?

Петропавл қаласының шеткері аудандарында мемлекеттік тілде оқытатын мектептерге зәрулік бары жасырын емес. Мәселен, соңғы жылда облыс орталығының солтүстік-шығысында орналасқан “Солнечный” кентіне қоныс тепкен қазақ отбасыларының саны әжептәуір өскен. Олар балаларын негізінен өздеріне жақынырақ орналасқан білім ордасы – облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатқа әкеліп оқытады.

МЕКТЕПТЕГІ РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҚ

Петропавл қаласындағы №40 мектепте инклюзивті білім беру ресурстық орталығы ашылды. Ерекше қажеттіліктері бар балаларды орта мектепке берген кезде оқуына ыңғайлы жағдайларды жасайтын орталық облыстық білім басқармасы мен “Дара” қорының “Кедергісіз мектеп” жобасының негізінде ашылып отыр.

ҰСТАЗДАР ТІЛЕГІ ЕСКЕРІЛСЕ …

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев “Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру” атты халыққа арнаған Жолдауында “Педагог мәртебесі туралы” Заң жобасын әзірлеуді тапсырып, мұғалімдер қауымын қуантып тастаған еді. Бүгіндері Білім және ғылым министрлігіне әр өңірден заңға қатысты ұсыныс-пікірлер түсуде. Расында, мұғалімдердің көптен бері көкейлерін кернеген мәселелер аз емес. Жергілікті ұстаздардың өтініш-шағымдарын жинап, соларды шешуге арналған ұсыныстарымызды …

ҰСТАЗДАР ТІЛЕГІ ЕСКЕРІЛСЕ … Read More »

БІЛІМ БАҒБАНЫ

Баланың түйсігін оятып, әлемді танытып, бойына білім дарытатын жандар әрқашан да үлкен құрметке лайық. Ең алғаш қолға әліппені ұстататын да, талабыңды шыңдап, талай білім тартысына баптап қосатын да ұстаз емес пе?! Ақын да, ғалым да мұғалім тәрбиесін көрмесе, өмір сыбағасынан құр қалатыны анық. Сондықтан мектептегі білім өміріңнің жолына нұр шашатын жарық сәуле десек қателеспейміз. Сол …

БІЛІМ БАҒБАНЫ Read More »

ТОП ЖАРДЫ

Білектегі күшке емес, білімге сенетін заманда ұрпақты ерте жастан оқу-тоқуға баулып, санасына сәуле ұялату ата-ана мен ұстаздардың басты міндетіне айналып отыр. Біздің мектеп ұжымы оқушыларға жалын мен жігерді, ізденіс пен талпынысты талап ететін жастық шақта бар күшті білім алуға жұмсап, болашақта ел қамы үшін абыройлы қызмет етуі тиіс екендерін түсіндіруден жалықпайды. Осыны ұғына білген тәрбиеленушілеріміз …

ТОП ЖАРДЫ Read More »

СЫРЛЫ ШЕЖІРЕ

Облысымыздың жас өлкетанушылары Петропавл қаласындағы қазақ мектеп-гимназиясында өткен “Ел тарихы сыр шертеді” форумында бас қосты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Рухани жаңғыру” бағдарламасының “Туған жер” жобасы мен “Ұлы даланың жеті қыры” мақаласындағы идеяларды жүзеге асыру шеңберінде жұртшылықты туған өлке сыры, ғажайып табиғаты, тарихи ескерткіштері туралы аңыз-әңгіме, деректерден құралған жобалармен таныстыруды мақсат еткен шараға өңіріміздің әр ауданы мен …

СЫРЛЫ ШЕЖІРЕ Read More »

ҒЫЛЫМИ СЕРПІЛІСТЕР

“Science” журналы 2018 жылдың ғылыми серпілісі атағына үміткер ғылыми жетістіктер тізімін жариялады. Ғылыми жетістіктер қатарында Гренландияда астероидтың құлауынан пайда болған кратердің табылуы бар.

ҰБТ ТӨРТ РЕТ ӨТЕДІ

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты өзгерістерді жариялады. Оның айтуына қарағанда, келесі жылдан бастап ҰБТ қаңтар айында басталып, төрт рет өткізілмек. Сөйтіп, мектеп түлектеріне шартты түрде ақылы негізде оқуға түсуге бірнеше мүмкіндік беріледі. Министр шетел азаматтарының қазақстандық жоғары оқу орындарына оқу жылы кезінде де қабылдана берілетінін айтты.

ӨЗ ДИПЛОМЫ БОЛАДЫ

2021 жылдан бастап жоғары оқу орындарының түлектеріне мемлекеттік үлгідегі диплом тапсырылмайтын болды. Оның орнына жоғары оқу орындары өз үлгілеріндегі дипломдарын тапсырады. Сол арқылы олар өздерінің беделіне, білім сапасына, профессорлық-оқытушылық құрамына кепілдік береді. Осылайша, ендігі уақытта мемлекеттік үлгідегі дипломдар жойылады. Сонымен қатар елімізде 2021 жылдан бастап сапаны қамтамасыз етудің шарасы ретінде сертификаттау процедурасы да енгізілмекші.

ЕР ТӘБЕЙ ЕЛДІҢ ЕСІНДЕ

Осыдан 13 жыл бұрын «Егемен Қазақстан» газетінде «Бір отбасынан шыққан бес директор» атты мақалам жарық көрген болатын. Онда Кеңес одағының күші тасып, кемеліне келіп тұрған тұсында терістіктегі қазақтар арасындағы бір отбасынан бір уақыт кезеңінде осынша кеңшар директорлары шыққанын республика тұрғындарына жеткізген едік. Соның ішінде олардың қазақтың үлесі тым аз, биліктің бәрін басқалар меншіктеп тұрған Солтүстік …

ЕР ТӘБЕЙ ЕЛДІҢ ЕСІНДЕ Read More »