«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОЛДАНБАС БҰРЫН НҰСҚАУЛЫҚТЫ ОҚЫҢЫЗ!

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жаңа жылды мерекелеу қарсаңында тұрғындар арасында пиротехникалық заттар үлкен сұранысқа ие болады. Көп адамдар оларды дұрыс пайдаланбау күтпеген қолайсыз жағдайларға әкеліп соқтыратынын ескере бермейді. Осыған орай тәртіп сақшылары облыс орталығында пиротехника заттарын заңсыз саудалау фактілерін анықтау бағытындағы іс-шараларды күшейтті.

Петропавл қаласында бүгінгі күні пиротехникалық заттарды саудалаумен және сақтаумен айналысатын 50 сауда орны жұмыс істейді. Желтоқсан айының 18-інде басталған рейдтік шаралар барысында пиротехникалық заттарды заңсыз саудалауға қатысты алты факт анықталып, 450-ден астам зат сатылымнан алынып тасталды. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 190-бабына сәйкес пиротехникалық заттарды заңсыз саудалағандарға 25 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.

Полицейлер мен құтқарушылар тұрғындарға пиротехникалық заттарды тек арнайы дүкендерден сатып алып, қолдану барысында нұсқаулықты дұрыс пайдалану қажет екенін ескертеді. Сондықтан сатушылар отшашу, петарда немесе фейерверк сияқты заттарды қалай пайдалану керек екенін тұтынушыларға егжей-тегжейлі әрі дұрыс түсіндіруге міндетті.

Нұрбек БАЕКИН, облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің бас маманы.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp