«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАСТЫ БАЙЛЫҚ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Халқымыз “Бірінші байлық – денсаулық” деп бекер айтпаған. Адам дертке шалдықса, қызылды-жасылды дүниенің еш қызығы қалмайды. Өзім күн сайын еміне – шипа, дертіне – дауа іздеген жандардың жанарынан осыны ұққандаймын.

Медицина саласында жиырма бес жылға жуық қызмет етіп келемін. Құдайға шүкір, қазір отандық медицинаның әлеуеті зор. Саладағы тәуелсіздікке дейінгі және одан кейінгі кезеңдерді салыстыратын болсақ, жер мен көктей. Емдеу мекемелерінде заманауи әдіс-тәсілдер қолданылып, озық медициналық құрал-жабдықтар орнатылуда. Соның нәтижесінде еңбек сапасы артып, дәрігерлердің жұмысы жеңілдегенімен, ақхалаттыларға жүктелетін жауапкершілік жеңілдемейді. Өйткені, бізге қателесуге болмайды. Әрбір науқас бала сияқты. Оның жанын түсінбей, дәрігер ем жүргізе алмайды. Соңымыздан ерген жас мамандарға үнемі осыны айтып отырамыз.

Күні кеше ғана жылды қорытындылап, жоспар құрған едік. Тағы бір жылдың зымырап өткенін аңғармай қалыппыз. Күнде қауырт шаруа, қарбалас тірлік. Биыл №3 қалалық ауруханада тізе мен жамбас сүйегіне 128 күрделі ота жасалды. Ал емдеу мекемесінде күн сайын бұдан басқа бірнеше ота жасалады. Дәрігер үшін ең басты құрмет – науқастың ризашылығына бөлену.

Қазір облысымыздың құлпырып, жаңа кейіпке енгені қуантады. Қызылжар қаласында соңғы кезде құрылыс та қарқынды жүргізілуде. Әр салада соны серпін, тың жаңалық бар. Мәселен, өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың бастамасымен алдағы жылы облыс орталығында заманауи аурухана салынбақ. Бұл жан жараларына ем іздеген жүздеген адамның көңіліне үміт шырағын жағары сөзсіз.

Манарбек ТОҚПАНОВ, №3 қалалық аурухананың травматолог-ортопед дәрігері.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp