«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МЕКТЕПКЕ БЕЙІМДЕЙДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Осыдан екі жыл бұрын Петропавлда “Дара” қайырымдылық қоры мен облыс әкімдігінің қолдауымен психологиялық-педагогикалық түзету орталығы ашылған болатын. Осы күнге дейін кабинет қызметіне 300-ден астам ерекше қажеттілігі бар баланың ата-анасы жүгінген. Облыс әкімінің орынбасары Мадияр Қожахмет орталыққа ат басын тіреп, балаларды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, сыйлықтар тарту етті.

Орталық көмегіне зәру ата-аналар мұндағы мамандардың жұмысы көп уақыт өтпей-ақ көріне бастағанын айтып қуануда. Психолог, әдіскер, дефектолог, логопед сынды тәжірибелі мамандар жұмыс істейтін орталық бір уақытта қырық шақты баланы қабылдай алады.

Мадияр Қожахмет “Дара” қорының және облыс әкімдігінің “Кедергісіз мектеп” бірлескен жобасының негізінде Петропавлда алғаш рет ашылып отырған инклюзивті білім беру ресурстық орталығында да болды. Қазақстандағы АҚШ елшілігінің шағын гранттар бағдарламасының қолдауымен құрылған ресурстық орталық №40 жалпы білім беру мектебінде орналасқан. “Дара” қорының жобалар мен бағдарламалар директоры Марал Шешембекова мұнда арнайы педагогтер мен мектеп мұғалімдері ерекше балаларды оқыту бойынша өзара диалог пен тиімді тәжірибе алмасу жүргізе алатынын айтты. Үйлерінде оқып келген балалардың мектепте білім алуға көшуі үшін барлық ыңғайлы жағдайлар қарастырылған. Бүгіннің өзінде ресурстық орталыққа 15 бала қабылданған.

Зәуреш АСЫЛБЕКОВА, “Soltústіk Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp