«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҰЛЫЛАР МЕКЕНІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Ата өнері – балаға мұра” демекші, ата-бабамыздан қалған ұлттық құндылықты жалғастыру менің де пешенеме бұйырыпты. Өнер жолының бұралаң-бұлтарысы көп болса да, жүрегің қалаған салада жұмыс істеу шын бақыт. Қазақтың күйініші мен сүйінішін домбыраның сырлы сазы арқылы тыңдарманның жүрегіне жеткізу – біздің басты міндетіміз.

Әрбір адам жыл бойы өзінің атқарған жұмысына есеп береді емес пе? Өткен он екі айға көз жүгіртсем бірталай шаруаның басын қайырған екенбіз. Өңірімізде биыл Сегіз сері, Ақан сері, Қожаберген жырау мен қазақтың ақиық ақыны Мағжан Жұмабаевтың мерейтойлары дүркіреп өтті. Осынау мәдени шаралардың өз деңгейінде өтуіне “Сегіз сері” атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің де қосқан үлесі зор.

Мағжан ақынның 125 жылдығы халықаралық деңгейде тойланып, күллі түркі елдерінің мерейін тасытты емес пе? Осы орайда жергілікті өнерпаздар ТҮРКСОЙ ұйымының ұйымдастыруымен Түркияда өткен шараға қатысты. Олардың қатарында өзім де бармын. Біз Түркияның екі қаласында болдық. Шетелде қазақтың әні қалықтап, күйі шертілгеніне қуанамын.

Сегіз серінің 200 жылдығына орай “Гауһартас” республикалық фестивалін де жоғары деңгейде атап өткенімізді айта кеткен жөн. Алдағы жылы да қазақ өнерін, ұлттық аспаптарды дамыту бағытында тың жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз.

Асхат ҒАЛЕЕВ, “Сегіз сері” атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің бас домбырашысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp