«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 21.01.2019

ЕКІНШІ КЕЗЕҢГЕ ШЫҚТЫ

Қазіргі уақытта Мельбурнде “Australian Open” ашық біріншілігі өтуде. Бұл бәсекеге ерлер мен әйелдер арасында әлемнің ең үздік 270 теннисшісі қатысып, өзара сынға түсуде. Бәсекелі сайыста қазақстандық Зарина Диас пен Юлия Путинцева жұбы алғашқы айналымнан сүрінбей өтті.

ЖҮГЕНСІЗГЕ ЖАЗА БАР

Өткен жылы облыс жолдарында қоғамдық көлік жүргізушілері тарапынан жол қозғалысы ережелерін бұзудың төрт мыңға жуық фактісі тіркелген, “Автобус” алдын алу шарасы барысында бір күнде 151 құқық бұзушылық анықталды.

ҰРЛЫҚ АБЫРОЙДАН АЙЫРАДЫ

“Ұрлық түбі – қорлық” екенін ескере бермейтіндер бар. Жүк көліктерінің аккумуляторларын ұрлауды кәсіп қылған облыс орталығының үш тұрғыны мұндай бассыздықтың соңы жақсылыққа әкелмейтінін ойламаған сыңайлы.

ДОСТЫҒЫ ЖАРАСҚАН ЖАСТАР

Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінде өткен кезекті жиында жастар арасындағы этносаралық достық тақырыбы сөз болды. Студенттерге арналған семинарды облыстық білім басқармасы және Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы бірлесіп ұйымдастырды.

ЗЕРЕК АЯЖАН

Өскелең ұрпақтың тәрбиелі, саналы, білімді әрі бәсекеге қабілетті болуы алдымен ата-ана, балабақша мен мектепке байланысты. Ел ертеңдеріне саналы тәрбие беруде Жамбыл ауданындағы “Айнагүл” балабақшасының алатын орны ерекше.

OQYRMANǴA OLJA

Sábıt Muqanov atyndaǵy ǵylymı-ámbebap kіtaphana qory jańa 300 ádebıetpen tolyqty. Osyǵan oraı kіtap kórmesі uıymdastyryldy.

ТАЛАНТТЫ БИШІЛЕР

“Sensitive” ансамблі Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен халықаралық би байқауында бас жүлдеге және үш бірінші орынға ие болды.

ПАРА АЛУҒА БЕЙІМ МЕКЕМЕ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының облыстық департаменті өткен жылы 75 заң бұзушылық фактісін әшкерелеген. Бұл 2017 жылғы көрсеткішке қарағанда екі есе көп. Орталық коммуникациялар қызметінің облыстық филиалында өткен баспасөз мәслихатында ведомство басшысы Асхат Жұмағали лауазымды тұлғалардың қатысуымен орын алған қылмыстық оқиғаларға шолу жасады.

БАСҚА ҒИМАРАТҚА КӨШІРІЛДІ

№2 қалалық емхананың акушерлік-гинекологиялық бөлімшесі бұрынғы облыстық тері-венерологиялық диспансер ғимаратына көшірілді. Енді дәрігерлер нәзік жандарды Интернационал көшесінде орналасқан жаңа жұмыс орнында қабылдауда.

ТЫҢ ТЕХНОЛОГИЯ — ТАБЫС КІЛТІ

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ғалымдары мен сарапшылары солтүстікқазақстандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер мен сала мамандары үшін аграрлық секторды цифрландыру бойынша білім жетілдіру семинарын өткізді.

“СЫБАҒАНЫҢ” СЫЙЫ

Бүгінгі таңда елімізде мал ша­руашылығын дамыту мәселесіне көп көңіл бөлінуде. Фермерлер үшін ірі қара сатып алуға “Сыбаға” бағдарламасының көмегі мол. Жақында Тайынша ауданындағы Донецкое ауылына аталған бағдарламамен Чехиядан 61 бас асылтұқымды қара мал әкелінді.

ЖАРЫҚ ЖҰЛДЫЗ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев түп тамырымызды білуге, ұлттық тарихымызға терең үңіліп, оның түйінін шешуге мүмкіндік тудырған “Ұлы даланың жеті қыры” атты мақаласында “Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы”, – …

ЖАРЫҚ ЖҰЛДЫЗ Read More »

ЖҰМЫСШЫЛАР РИЗА

Облыс кәсіпорындары қызметкерлерінің жалақысын өсіруде. Осылайша, кәсіпорын басшылары Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру” атты Жолдауында айтылған 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есе, яғни 28 мыңнан 42 мыңға дейін өсіру бастамасын жүзеге асыруда.

БІРЛЕСІП КҮРЕСПЕК

Облыстық полиция және әділет департаменттері, өңірлік жеке сот орындаушылары палатасы алдағы уақытта борышкерлермен бірлесіп күресетін болды. Бұл туралы үш тарап өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

ЖҰМЫЛА КӨТЕРГЕН ЖҮК ЖЕҢІЛ

Осы аптада Ақжар ауданының әкімі Ербатыр Мадияров Айсары, Алқатерек, Май және Ұялы ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті. Аудандық мәслихат депутаттары, мекемелер мен кәсіпорындар басшылары, жеке кәсіпкерлер, еңбек ардагерлері мен жастар өкілдерінің қатысуымен өткен кездесулерде әкім ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысына талдау жасап, алдағы іс-шаралар жоспарымен бөлісті.

ҮМІТКЕРЛЕР ІРІКТЕЛЕДІ

Қазақстан Республикасының “Қоғамдық кеңестер туралы” Заңына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты Солтүстік Қазақстан облысының қоғамдық кеңесіне мүшелікке үміткерлерге конкурс жариялайды.

ОБЛЫСТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ЖАҢА ҚҰРАМЫ

Сайлау комиссияларының жаңа құрамын құру “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Заңына сәйкес жүзеге асырылды.

КӘСІПОДАҚ – СЕНІМДІ КҮШ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кәсіподақ ұйымдарын қоғамдағы ықпалды күшке айналдыруға, жұмысын жетілдіруге әрдайым көңіл бөліп келеді. “Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру” Жолдауында: “Адам еңбекқор болып, өз кәсібін жақсы меңгергенде және лайықты жалақы алуға немесе жеке кәсіп ашып, оны дамытуға мүмкіндік болған кезде табыс артады. Мемлекет пен адамдардың күш біріктіруінің арқасында ғана біз Жалпыға …

КӘСІПОДАҚ – СЕНІМДІ КҮШ Read More »