Петропавлда облыстық қылмыстық атқару жүйесі кезекті рейд ұйымдастырды.
Шара барысында пробация қызметінің мамандары және учаскелік инспекторлар күндізгі және түнгі уақытта пробация қызметінің есебінде тұрғандарды тұрғылықты мекенжайы бойынша тексерді. Сотталушылармен және олардың туыстарымен қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылыққа жол бермеу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Құқық бұзушылыққа жол берілгені жағдайда олардың үстінен сотқа материалдар әзірленуі мүмкін екені ескертілді.
“Қызылжар-Ақпарат”.