«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТҮРКІСТАНҒА ТАРТУ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Түбі бір түркі жұртының түпқазығы, киелі бесігі саналатын, бүгінде күн сайын дамудың жаңа сатысына көтеріліп келе жатқан Түркістанға алдағы уақытта еліміздің барлық облысы мен Астана және Алматы қалалары тарту жасамақ. Бұл Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркістан облысын кешенді дамыту тапсырмасына орай арнайы әзірленген жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. Жарқын болашаққа жол тартқан Түркістанның қуанышының еселенуіне біздің облысымыз да өз үлесін қоспақ ниетте.

Мұндай игі іс біздің елімізде алғаш рет жүзеге асырылып отырған жоқ. Былтыр еңселі елордамыздың 20 жылдығы қарсаңында да республикамыздың барлық өңірі Астанаға тарту жасап, шаһардың одан сайын шырайлана түсуіне атсалысқан еді. Түркістанды да көркейту осы бағытта жүзеге асырылып, алдағы уақытта ел бойынша дәстүрлі шараға айналмақ. Бүгіндері бірқатар облыстар құрылыс жұмыстарын бастап жіберген. Мәселен, Алматы облысының әкімдігі қаланың қақ ортасынан “Жастар сарайы” ғимаратын тұрғызуды қолға алса, Жамбыл облысы “Әзірет Сұлтан” қорығында мәдени-демалыс орындарын салуға кіріскен. Біздің өңіріміз облыстық олимпиадалық резервтегі спорт мектебін салып беруді өз міндетіне алды. Нысан пайдалануға берілсе, байрақты бәсекелерде ел намысын асқақтатуды көздейтін түркістандықтар санының еселенуіне жол ашары сөзсіз.

“Түркістан – екі дүние есігі ғой, Түркістан – ер түріктің бесігі ғой” деп ақиық ақын Мағжан Жұмабаев жырлағандай, қазақтың рухани астанасының гүлденер күні алыс емес. Оған Қызылжар өңірінің де қомақты үлес қосатыны қуанышты.

Нұргүл ОҚАШЕВА,

“Soltústіk Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp