Қазақстан Республикасының “Қоғамдық кеңестер туралы” Заңына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты Солтүстік Қазақстан облысының қоғамдық кеңесіне мүшелікке үміткерлерге конкурс жариялайды.
Қоғамдық кеңес құру жөніндегі жұмыс тобы коммерциялық емес ұйымдар – қоғамдық бірлестіктерге, азаматтарға конкурсқа қатысу үшін құжаттар осы хабарлама облыстық газеттерде жарияланған күннен бастап, 2019 жылғы 31 қаңтарға дейін жұмыс күндері сағат 9.00-ден 13.00-ге, 14.30-дан 18.30-ға, сенбіде сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін қабылданатынын хабарлайды, қосымша ақпараттарды 46-44-74, 46-55-74, 46-96-88 телефондары арқылы алуға болады.
Қоғамдық кеңес құру жөніндегі жұмыс тобы Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатында жұмыс істейді (150008, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 38, №77 кабинет), байланыс телефондары: 46-55-74, 46-44-74. электронды мекенжайы: obl-maslihat@sko.kz
Конкурсқа материалдар жинауға жауапты – жұмыс тобының хатшысы Александр Михайлович Верзилин, тел.: 46-55-74.
Конкурсқа қатысу үшін мынандай құжаттар ұсыну қажет:
1. Үміткерді қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші.
2. Үміткердің өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер ұсынылады (туған жерін, егер тегі өзгертілген болса, ауысқанға дейінгі тегін көрсету).
3. Жеке куәлігінің көшірмесі.
4. Қоғамдық кеңеске сайланатын кандидаттарға белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін кандидаттар қоғамдық кеңестерге сайлану үшін конкурсқа жіберілмейді.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне үміткерлерге қойылатын талаптар:
1. Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, Солтүстік Қазақстан облысы аумағында тұратын азаматы қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне үміткердің:
1) соттылығы болмауы тиіс;
2) сыбайлас жемқорлық және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сотта кінәлі деп танылмаған болуы тиіс;
3) психикалық ауруға (психо-неврология орталығында), алкоголизмге, нашақорлыққа немесе таксикоманияға (наркология орталығында) байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауы тиіс.
Ескерту: Психоневрологиялық және наркологиялық орталықтардың анықтамаларын үміткер конкурсқа ұсынатын құжаттар пакетімен бірге тапсырады.
Владимир БУБЕНКО,
Қоғамдық кеңес құру жөніндегі жұмыс тобының басшысы,
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы.