«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАСҚА ҒИМАРАТҚА КӨШІРІЛДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

№2 қалалық емхананың акушерлік-гинекологиялық бөлімшесі бұрынғы облыстық тері-венерологиялық диспансер ғимаратына көшірілді. Енді дәрігерлер нәзік жандарды Интернационал көшесінде орналасқан жаңа жұмыс орнында қабылдауда.

Емдеу мекемесінде бұрын әйелдерді қабылдау тар жерде жүргізілген. Өйткені, бөлмелердің саны аз болған. Тіпті, қолбайлау болған күрделі мәселе бірқатар қиындықтар тудырған. Ал өткен жылдың соңында екіқабатты тері-венерологиялық диспансердің әкімшілік ғимараты күрделі жөндеуден өткен. Бұл жерде әйелдерді қабылдауға, денсаулығын тексеруге барлық жағдай жасалған. №2 қалалық емхананың бас дәрігері Жеңіс Әбілев бұл тұрғындардың қажеттілігі ескеріліп, қолға алынған шаруа екенін айтты.

– Мұнда бес учаскелік дәрігер әйелдерді жеке кабинеттерде қабылдауда. Сондай-ақ, бөлімшеде дәріхана, дәрігерге дейінгі көмек пункті және емдеу кабинеті жарақталмақ. Нәзік жандар мұнда консультативтік және дәрігерлік көмек ала алады. Сондай-ақ, ғимаратта акушерлік бейіндегі күндізгі стационар және ана мен бала кабинеті жұмыс істейді, – деді ол.

“Қызылжар-Ақпарат”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp