Сайлау комиссияларының жаңа құрамын құру “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Заңына сәйкес жүзеге асырылды.
Қалыптастырылған сайлау комиссиялары Қазақстан Республикасындағы сайлауларды әзірлеу мен өткізуді ұйымдастырушы мемлекеттік сайлау органы болып табылады. Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жыл.
2019 жылғы 11 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының ХХVIІІ сессиясында Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының құрамына 7 мүше сайланды.
Бес саяси партияның ұсыныстары бойынша сайлау комиссиясының жаңа құрамына бес мүше, екі қоғамдық бірлестіктен сайлау комиссиясының екі мүшесі сайланды.
“Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Конституциялық заңның 20-бабында белгіленген тәртіп пен мерзімде облыстық сайлау комиссиясының бірінші отырысында төраға, төрағаның орынбасары мен хатшысы сайланды. Сіздердің назарларыңызға Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының жаңа құрамы мен орналасқан жері туралы хабарлап отырмыз.
Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы
(Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 38, облыстық мәслихаттың ғимараты, 2-ші қабат, 41, 42, 43-кабинеттер, тел./факс 46-67-63)
Төраға – Ерболат Мұратұлы Бекшенов.
Төрағаның орынбасары – Сергей Васильевич Калинин.
Хатшы – Светлана Валентиновна Копнина.
Комиссия мүшелері – Лариса Болеславовна Гордеева, Рүстем Мұқашұлы Елубаев, Жасұлан Кенжебайұлы Қазбеков, Қанат Қосылұлы Омаров.