«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАРЖЫЛАЙ ҚОЛДАУ КӨЗДЕЛМЕГЕН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Газетіміздің WHATSAPP желісіне (8-705-463-13-29) Уәлиханов ауданындағы Кішкенекөл ауылының тұрғыны Жанар Бейсенбаева сұрақ жолдапты.

“Жолдасым өкпенің қатерлі ісігіне шалдықты. Облыс орталығында алты бірдей химиотерапия алды. Шипа болмады. Енді қатерлі ісікті Оңтүстік Кореяда емдету үшін 2 миллион теңгедей қаржы қажет екен. Осыған орай облыстық денсаулық сақтау басқармасы тарапынан шетелде ем алу үшін қаржылай көмек бола ма?” делінген сауалда.

Оқырманымыздың бұл сұрағына облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Дәуренбек Бейсембаев жауап берді:

– Ермек Тұрсынбекұлы 2018 жылдың маусым айынан бастап осы күнге дейін оң жақ өкпенің қатерлі ісігі бойынша ем қабылдауда. Астанадағы мультидисциплинарлық комиссияның шешімімен ауру салдарынан туындаған тыныс алу функциясының 3 дәрежелі жетіспеушілігі мен одан басқа да сырқаттары ескеріліп, науқасқа хирургиялық ем тағайындалмады. Сондықтан ем қабылдаушыға бірнеше рет химиотерапия жасалды. Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасында науқастарға шетелдік клиникаларда медициналық көмек алу үшін қаржылай қолдау көзделмеген. Қатерлі ісікке шалдыққан азамат қаңтар айының соңында облыстық онкологиялық диспансерде томографиядан өтеді. Дәрігерлердің консилиумынан кейін науқастың барлық құжаты Астана қаласындағы ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығына жіберіледі. Өз кезегінде аталмыш медициналық орталық қауіпті дертке шалдыққан азаматқа шетелде емделуге квота бөлу мәселесін қарастыратын болады.

Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау, құқық қорғау, кәсіпкерлік, тағы басқа да салалар бойынша шешімі табылмай жүрген мәселелеріңіз, көкейкесті сауалдарыңыз болса, 8-705-463-13-29 нөміріне WHATSAPP желісі арқылы хабарлама жолдай аласыздар. Біз өз кезегімізде оқырмандарымызды толғандырған сауалдарды тиісті органдарға жолдап, олардың жауабын газет бетінде жариялайтын боламыз. Хабарлама мәтіні түсінікті жазылып, оны жолдаушының аты-жөні, мекенжайы толық көрсетілуі қажет.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp