«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАРЫҚ ЖҰЛДЫЗ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев түп тамырымызды білуге, ұлттық тарихымызға терең үңіліп, оның түйінін шешуге мүмкіндік тудырған “Ұлы даланың жеті қыры” атты мақаласында “Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы”, – деді. Шынымен де, ұлт тарихының ақ парақтарына есімі алтын әріптермен жазылған тұлғалар аз емес.

Халқының болашағы қайырлы, ертеңі аппақ таңдай жарқын болуын мақсат-мүддесіне айналдырған ондай азаматтарды ұлты ешқашан ұмытпайды. Есімі алты алашқа мәшһүр жерлесіміз, белгілі ғалым Евней Букетовтің де ғылым жолындағы еңбегі, азаматтық болмысы бүгінгі ұрпақтың жадында сақталып қалуы тиіс. Ал бұл орайда жауапкершілік жүгі қаламгерлерге түсетіні анық. Танымал тұлғалардың көзін көрген, қамқорлығын сезінген азаматтарды тауып, газет бетінде сөйлету зор мәртебе. Жақында Алматы қаласында тұрып жатқан Евней Букетовтің немере інісі Сұраған Ерденовпен кездесудің сәті түсті. Кеңес одағы тұсында Қазақстан Компартиясы орталық комитетінде бөлім меңгерушісі қызметін атқарған Сұраған Қайранасұлы атақты ғалым жайлы естеліктерімен бөлісті.

– Техника ғылымдарының докторы, Ұлттық ғылым академиясының академигі, профессор Евней Арыстанұлы туралы естелік айту мен үшін зор мақтаныш. Әрине, ел ғылымының дамуына айшықты үлес қосқан танымал тұлға жайында ақын-жазушылардың, көзкөргендердің, шәкірттерінің, белгілі азаматтардың мақалалары газет-журнал беттерінде аз жарияланған жоқ. Мен ол кісінің адами қасиеттері, азаматтық болмысы жайлы әңгіме өрбіткім келеді. Өйткені, Евней Арыстанұлының ағалық ілтипатын сезініп, қамқорлығына бөленген інілерінің бірімін.

Сұқбаттың толық нұсқасын газетіміздің №6 санынан (19.01.2019 ж) оқи аласыздар.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp