«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЗЕРЕК АЯЖАН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өскелең ұрпақтың тәрбиелі, саналы, білімді әрі бәсекеге қабілетті болуы алдымен ата-ана, балабақша мен мектепке байланысты. Ел ертеңдеріне саналы тәрбие беруде Жамбыл ауданындағы “Айнагүл” балабақшасының алатын орны ерекше.

Мектепке дейінгі білім беру мекемесі ертеңгі ел тізгінін ұстайтын ұл-қыздарға дұрыс жол көрсетіп, бағыт-бағдар беруде өздеріне артылған сенімді ақтауға тырысуда. Қылығы балдай балапандарымыз жетістіктерімен қуантып, тәлімгерлеріне қуаныш сыйлауда. Сондай сүйкімді әрі зерек баланың бірі – Аяжан Ермек.

Жақында ол Петропавл қаласында өткен “Тәуелсіздік және Елбасы” атты көркемсөз оқу сайысына қатысып, жеңімпаздардың қатарынан көрінді. Ақын Тұманбай Молдағалиевтің “Он алтыншы желтоқсан” өлеңін мәнерлеп айтқан Аяжанның сәби жүрегінен Отан анаға деген шексіз құрметті аңғардық. Осындай дарынды ұл-қыздардың өнерін өрге сүйреп, шығармашылығын шыңдау – біздің міндетіміз.

Аққу СӘЛІКОВА,

“Айнагүл” балабақшасының тәрбиешісі.

Жамбыл ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp