Алматыны бетке алған жүрдек пойыз жер апшысын қуырып, жүйткіп келеді. Пойыздың терезесінен сыртқа қарап, табиғатты тамашалап отыра беру жалықтырып жіберді. Купедегі көршім сөзге сараң адам екен, пойыз орнынан қозғалғаннан бері үнсіз. Жол қысқарту үшін Мұқағали Мақатаевтың жыр жинағын қолыма алдым.
“Өмір, өмір, болмайды түңілуге,
Мәңгі сені жазбаған сүрінуге.
Қайта тұрып, қақың бар
жүгіруге,
Өкінбе, өкпелеме, бүгініңе”, – деп ақынның өлең шумақтарын дауыстап оқи бастадым. Манадан бері үнсіз жатқан бейтаныс жолаушы мырс етті.
– Түсінбедім?
– Нені?
– Неге күлдіңіз?
– Өмірден таяқ жеп жүрген адамды жұбату оңай шығар, ал бірақ жүрек жарасы жазылмайды ғой, – деп ауыр күрсінді ол.
– Түсінуге тырысып көрейін.
Көршім көп күттірген жоқ, жүрек түкпіріне бүккен әркімге айта бермейтін әңгімесін бастап кетті…
“Оқырманның жүрек сыры” айдарымен берілген бұл материалды газетіміздің №8 (24.01.2019ж.) санынан толық оқи аласыздар.