“Азаматты ісінен таны” деп халқымыз бекер айтпаған ғой. Ер жігіттің ісі мен сөзі үйлесім тауып жатса, қандай ғанибет! Жерлесіміз Ғалы Құсайынов бүгінгі күні Жамбыл ауданының Троицкое ауылында тұрып жатса да, туған ауылының түтіні түзу ұшуы үшін лайым қол ұшын беріп, көмегін көрсетіп жатады.
Жақында елге сыйлы азамат 700 мың теңге қаржыға дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне үстел, орындықтар сатып әкеліп, бәрімізді қуантты. Бұған дейін Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арнап ескерткіш орнатып, ел алғысына бөленген еді. Жеңіс мерекесі күні ауылдың үлкен-кішісі ескерткіш жанына жиналып, аталар ерлігіне бас иіп қайтады.
Алтын ұя – туған жерді әрбір азамат Ғалы Мінәйдарұлы секілді жүрегінің төріне қондырса ғой, жағдайымыз әлдеқайда жақсара түсер еді.
Қабдырахым ҚОСМАНҰЛЫ.
Тимирязев ауданы.