«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘРКІМНІҢ МІНДЕТІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев үстіміздегі жылдың 10 қаңтарындағы Жолдауында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-қимыл әрекеттері жаңаша қарқынмен жалғасатынын атап көрсеткен болатын. Сыбайлас жемқорлықпен күресудің негізгі бағдарламалық бағыттарын айқындайтын міндеттер қойылып, оның нәтижесінде мемлекеттік органдардың бақылау функциялары қысқарды және олардың жұмысы нақты қадағаланып, ашықтығы қамтамасыз етілуде. Мемлекеттің бизнеске араласуы азайды.

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясына сәйкес сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне “мүлдем төзбеушілік” ахуалын тудыру арқылы бұл қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту көзделді. Стратегияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі бағыттары ретінде мемлекеттік қызмет саласында, квазимемлекеттік және жеке секторда, сот пен құқық қорғау органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды ширату, қоғамдық бақылау институтын енгізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің деңгейін қалыптастыру және оған қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту белгіленген.

Мемлекеттік функцияларды жүзеге асыруға уәкілетті адамның мүлікті, көрсетілетін қызметтерді немесе жеңілдіктерді заңсыз алуы, оған осындай артықшылықтарды беруі, сондай-ақ, мүдделі адамдардың аталған іс-әрекеттерге арандатуы немесе делдалдығы сыбайлас жемқорлық болып саналады.

Бүгінгі таңда елімізде сыбайлас жемқорлықпен күресті ұйымдастырудың белгілі бір жүйесі қалыптасқан. Оған барлық мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы іске асыру және олардың осы салада өзара іс-қимыл жасау жұмысын ұйымдастыру, түрлі деңгейлерде сыбайлас жемқорлықпен күрес жөнінде арнайы бөлімшелер, комиссиялар, үйлестіру кеңестерін құрып, олардың қызметін қамтамасыз ету, кеңестер өткізу енеді.

Облыстық ветеринария басқармасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша тиісті жұмыс жүргізіп жатқандығын атап өткім келеді. Мәселен, қызметшілер арасында жүйелі түрде жаппай құқықтық оқу, бірлескен семинарлар, жарты жылда бір рет сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізіліп тұрады. Соңғыларының нәтижесі көпшілікке жарияланады. Басқарма мамандарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық стандарты бекітілген. Сайттағы “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл” бөлімінде аталмыш тақырып аясындағы баннерлер мен бейнероликтер, мақалалар орналастырылды. Әрқайсымыз өзімізге тапсырылған міндетті адал орындай отырып қана көпшілікті жемқорлықтан аулақ болуға шақыра аламыз. Сондықтан бүгінгі ұрпақтың ертеңі жарқын болсын десек, жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеуіміз керек.

Аманболат ЖЕТЕКЕНОВ, облыстық ветеринария басқармасы әкімшілік-құқықтық бөлімінің басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp