«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 29.01.2019

ТАБЫСТЫ ЖОБА

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен былтыр елімізде атаулы әлеуметтік көмек алушылардың табыс көлемі екі есеге артты. Атап айтқанда, тұрмысы төмен отбасылардың мүшелері жұмыспен қамтылып, көптеген азаматтар жаңа мамандыққа ие болды.

ЕРІКТІЛЕР КӨМЕГІ

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментте ведомство бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Рамиль Камаловтың төрағалығымен жедел кеңес өтті. Селекторлық режімде жүргізілген жиында департаменттің былтырғы жылғы жұмысы қорытындыланды.

ІСКЕРЛІККЕ БАУЛИДЫ

Бүгіндері жастың да, жасамыстың да кәсіпкер болуға мүмкіндігі зор. Бұл үшін мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалуда. Осы орайда, кәсіпкерлерге қолдау көрсету және олардың құқығын қорғау мақсатында ашылған облыстық кәсіпкерлер палатасының да көмегі орасан. Өңірімізде “Бизнес-мектеп” жобасы аясында “Бизнес-кеңесші” оқу курсының жаңа кезеңі басталды.

ОПЫҚ ЖЕГІЗГЕН ОНЛАЙН НЕСИЕ

Жұмыс кабинетінің тыныштығын шыр еткен қоңырау үні бұзды. Телефонның арғы жағындағы бойжеткен өзін шағын қаржы ұйымының қызметкерімін деп таныстырып, “Арман деген азаматты білесіз бе?” деп сұрады. Сөйтсем, ғаламтор арқылы онлайн несие рәсімдеп, қарыз алған сыныптасым байланысу үшін менің нөмірімді көрсеткен екен. Қаржы ұйымының өкілі берешек өтелмеген жағдайда сотқа шағымданатынын айтып, тұтқаны қойды. Соңғы кездері пайыздық …

ОПЫҚ ЖЕГІЗГЕН ОНЛАЙН НЕСИЕ Read More »

АРЫЗДАНУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРДІ

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін жан-жақты сапалы қарау, азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру прокурорлар жұмысының басты бағытының бірі болып табылады. 2018 жылы Солтүстік Қазақстан көлік прокуратурасына азаматтар мен заңды тұлғалардан 22 өтініш келіп түсті. Ал бір жыл ішінде тоғыз азамат прокурорлардың жеке қабылдауында болды.

ТЕКЕ ТЕҢІЗІ

Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тау-тасы, өзені мен көлі тарихтан сыр шертеді емес пе? Әрбір жер атауының түп төркіні туралы аңыз-әңгімелер де жетіп артылады. Оны жас құрақтай өсіп келе жатқан бүгінгі ұрпақ білуі тиіс. Туған жердің перзенті ретінде Уәлиханов ауданындағы Теке теңізінің тарихы жайлы сыр шерту – менің міндетім деп санаймын.

ЖІГЕРЛІ ЖАН

Мүмкіндігі шектеулі болса да, өмірден өзінің орнын табуға ұмтылып жүрген адамдар аз емес. Алға қойған мақсатына жету үшін тынбай еңбектеніп жүргендердің бірі – жеңіл атлетикадан спорт шебері Иван Залезняк.

ЖАҢА ЖҮЙЕ ЕНГІЗІЛЕДІ

Биылдан бастап салық заңнамасының бұзылуы жөніндегі қылмыстық жауапкершіліктің қолданылу шегі мен айыппұл мөлшері өсіп, 50 мың айлық есептік көрсеткішке дейін артты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру” Жолдауында жария еткен бұл бастамасын бұлжытпай орындау және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу мәселесіне облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент көп көңіл бөледі.

БІЛЕКТІ ӨРЕНДЕР БЕЛДЕСУІ

Петропавл қаласында грек-рим күресінен белгілі бапкер, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Беспай Қайыповтың 70 жасқа толуына орай жасөспірімдер арасында облыстық ашық турнир өтті. Оған еліміздің жеті облысынан, Петропавл қаласынан, өңір аудандарынан және Ресей Федерациясының Қорған облысынан 150 балуан қатысты.

TÁÝLIK BOIY TYNYM KÓRMEIDI

Jedel basqarý ortalyǵy táýlik boıy jumys isteıdi. О́tken jyly oblysymyzda “102” pýltine 127353 qońyraý kelip túsken. Polısııanyń jedel qımyldaýyn qajet etetin qylmystar men oqıǵalar jaıly 17307 shaqyrtý túsip, nátıjesinde 2569 qylmys izi sýymaı ashyldy.

AIAZDA JOLDA QALDY

Jergilikti tártip saqshylary aıazdy kúnderi jolda qalǵan eki avtobýstyń jolaýshylaryna kómek kórsetti. Túrkistan oblysynan Reseıdiń Ekaterınbýrg qalasyna baǵyt alǵan “VAN HOOL” jolaýshylar avtobýsy Petropavldaǵy Jumysshy kentine jaqyn jerde synyp qaldy. Onda Tájikstan jáne О́zbekstan elderiniń elýden astam azamaty bolǵan. Jol polıseıleri avtobýs júrgizýshisine tehnıkalyq qyzmet kórsetetin mamandy tabýǵa jáne qosalqy bólshekterdi satyp alýǵa kómektesti. Jolaýshylar …

AIAZDA JOLDA QALDY Read More »

ТӘРТІПКЕ БАҒЫНҒАН АДАСПАЙДЫ

Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментте Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі “Щучинск гарнизонының әскери полиция бөлімшесі” РММ-і өкілдерінің ұйымдастыруымен жиын өтті.

ИНТЕРНЕТСІЗ БІР КҮН

27 қаңтарда Халықаралық интернетсіз күнге арналған “Мен ОФФЛИНЕ” республикалық кең ауқымды балалар акциясы өтті. Дүниежүзі бойынша тұрғындардың елу пайызы бір немесе одан да көп әлеуметтік желіге тіркеулі екен. Әсіресе, балаларды смартфон, планшеттерден айыру күннен-күнге қиынға соғып барады.

МҰРАЖАЙҒА САЯХАТ

ЕС-164/3 мекемесінің қызметкерлері облысымыздың мұражайларын аралады. Олар табан тіреген алғашқы мекеме облыстық тарихи-өлкетану мұражайы болды. Мұражайдың саяхат жетекшісі қызметкерлерді құнды жәдігерлермен таныстырып, тарихына шолу жасады. Мәдениет ордасында “Ұлы даланың жеті қыры” мақаласында сөз болған, қасиетті қазақ жерінен табылған құндылықтар аз емес. Мамандарымызды, әсіресе, Петропавл қаласының пайда болу және даму тарихына, көшпелі қазақ халқының өмірі мен …

МҰРАЖАЙҒА САЯХАТ Read More »

ЕЛ ЖАДЫНДА

  Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында белгілі петербургтік фотосуретші Сергей Ларенковтың “Блокадалық альбом” атты көрмесі ашылды. Сергей Ларенковтың ата-анасы Ленинград қаласында туып-өскен. Фашистер құрсауы кезінде 900 күн бойы тұтқында болса да, туған қалаларын азат етуге қатысқан. Олардың қан майданда түсірген суреттері көрмедегі ең құнды еңбекке баланды.

БЕРЕКЕ ҚОНҒАН БЕКСЕЙІТ

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев “Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру” атты биылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: “Біз ауылдық жерлердің әлеуметтік ортасын жаңғыртуға кірісуіміз қажет. Бұған арнайы “Ауыл – ел бесігі” жобасының іске қосылуы септігін тигізеді. Бұл жоба арқылы өңірлердегі еңбекке қатысты идеологияны ілгерілетуді қолға алу керек” – деп айтқан болатын. Атақоныс – ауылымыздың көркейіп, …

БЕРЕКЕ ҚОНҒАН БЕКСЕЙІТ Read More »

ЕҢБЕК АДАМЫНА ЛАЙЫҚТЫ ҚОЛДАУ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру” Жолдауында: “Адам еңбекқор болып, өз кәсібін жақсы меңгергенде және лайықты жалақы алуға немесе жеке кәсіп ашып, оны дамытуға мүмкіндік болған кезде табысы артады. Мемлекет пен адамдардың күш біріктіруінің арқасында ғана біз Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құра аламыз”, – дей келе, төмен жалақы алатын …

ЕҢБЕК АДАМЫНА ЛАЙЫҚТЫ ҚОЛДАУ Read More »

НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҚ

Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлық Қазақстанда да өршіп тұр. Жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту үдерісін тежейді, демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің дамуына елеулі қауіп төндіреді. Міне, сондықтан да сыбайлас жемқорлықпен күрес Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының біріне айналып отыр.

ЗАМАНАУИ МЕКТЕП — КЕЛЕШЕК КІЛТІ

“Жаңа буын мектебі: келешегі мен мүмкіндіктері қандай?”. Облыстық білім басқармасының Оқушылар сарайында өткізген кеңейтілген алқа кеңесінде осы тақырып жан-жақты талқыланды. Оған облыс әкімінің орынбасары Мадияр Қожахмет, заманауи білім беру ордаларының өкілдері қатысты.

УАҚЫТ ТАЛАБЫ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері” атты Қазақстан халқына Жолдауында сандық білім беру ресурстарын дамыту, IT-технологияларды енгізу жөніндегі жұмыстарды жалғастыру маңызды екенін атап көрсеткен болатын. Бүгіндері өңірімізде балалардың цифрлы және функционалды сауаттылығын арттыру мақсатында отызға жуық IT-сынып ашылып, онда 8-16 жас аралығындағы оқушылар білімдерін жетілдіруде.