«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕЛ ЖАДЫНДА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

 

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында белгілі петербургтік фотосуретші Сергей Ларенковтың “Блокадалық альбом” атты көрмесі ашылды. Сергей Ларенковтың ата-анасы Ленинград қаласында туып-өскен. Фашистер құрсауы кезінде 900 күн бойы тұтқында болса да, туған қалаларын азат етуге қатысқан. Олардың қан майданда түсірген суреттері көрмедегі ең құнды еңбекке баланды.

Фотосуретші Сергей Ларенков ата-анасының көздің қарашығындай сақтап келген мұрасының электронды нұсқасын жасап шығарған. Шараға арнайы келген Ресей елшілігі кеңесшілерінің көрме сөрелеріне қойған әдебиеттері де жиналғандар ықыласына ие болды. Көрші елдің тарихшылары жазған туындылар Ленинград шайқасы жайлы тың ақпараттарға толы.

Ленинград қаласының құрсаудан азат етілгеніне 75 жыл толуына орай Достық үйінде ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Онда 314-ші атқыштар дивизиясы құрамында ерлік көрсеткен батырлардың жары Ирина Сидеельникова мен Любовь Горшкова сұрапыл жылдардағы естеліктерімен бөлісті. “Ленинград қаласының фашистік блокададан азат етілген күні – біз үшін мереке. Ленинградта құрсауда қал­ғандардың тағдыры ауыр болды. Ұлы Отан соғысынан біріміздің әкеміз, біріміздің атамыз оралмай қалды. Бізге Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Бүгінгі жастар сондай ерен ерліктің бағасын білуге тиіс”, – десті олар.

 

 

Гүлбике КУБЕНОВА, “Soltústik Qazaqstan”.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp