27 қаңтарда Халықаралық интернетсіз күнге арналған “Мен ОФФЛИНЕ” республикалық кең ауқымды балалар акциясы өтті. Дүниежүзі бойынша тұрғындардың елу пайызы бір немесе одан да көп әлеуметтік желіге тіркеулі екен. Әсіресе, балаларды смартфон, планшеттерден айыру күннен-күнге қиынға соғып барады.
Интернетке тәуелділіктің алдын алу, оны пайдалану мәдениетін және кәмелетке толмағандардың интернеттегі белсенділігін қадағалауға қатысты ересектердің жауапкершілігін арттыру мақсатында ұиымдастырылған шараға мектеп оқушылары қатысты.
Интернетке тәуелділік мәселесіне жауапкершілікпен келген кейбір мектептер 1-4 сынып оқушылары арасында “Интернетсіз күнді қалай өткіздім?” атты сурет байқауын ұиымдастырып, 5-11-сыныптарға “Мен ОФФЛИНЕ” тақырыбында ессе жазғызды.
– Балалар тамақ ішкен кезде де алдарына телефон қояды. Сондағы қызығып көретіндері – ақыл-ойдың дамуына келтірер пайдасы жоқ дүниелер. Өзім интернетті керек кезде ғана пайдалануға тырысамын, – дейді Петропавл қаласындағы әл-Фараби мектеп-лицейінің оқушысы Даниал Смағұлов.
“Қызылжар-Ақпарат”.