«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МҰРАЖАЙҒА САЯХАТ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

ЕС-164/3 мекемесінің қызметкерлері облысымыздың мұражайларын аралады. Олар табан тіреген алғашқы мекеме облыстық тарихи-өлкетану мұражайы болды. Мұражайдың саяхат жетекшісі қызметкерлерді құнды жәдігерлермен таныстырып, тарихына шолу жасады. Мәдениет ордасында “Ұлы даланың жеті қыры” мақаласында сөз болған, қасиетті қазақ жерінен табылған құндылықтар аз емес. Мамандарымызды, әсіресе, Петропавл қаласының пайда болу және даму тарихына, көшпелі қазақ халқының өмірі мен кәсібіне, осыдан бірнеше ғасыр бұрын өмір сүрген хандардың, батырлардың ерліктеріне қатысты құнды дүниелер қызықтырды.

Саяхат барысында қызметкерлер саяси қуғын-сүргін, ашаршылық және екінші дүниежүзілік соғыс жылдары туралы да біраз мәліметтерге қанықты. Оларды Қазақстан халқы Ассамблеясы залындағы тағдырдың жазуымен қазақ жерінен пана тапқан түрлі этнос өкілдерінің ұлттық киімдері мен тұрмыстық заттары да бей-жай қалдырмады. Мәдени шараның қорытынды бөлімі Тұңғыш Президент залында өтті. Саяхат жетекшісі Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына Елбасымыздың сіңірген ұшан-теңіз еңбегін айтып берді.

Қызметкерлер мұражай сөрелеріндегі экспонаттарды, әскери киімдерді тамашалап қана қоймай, олардың пайда болу тарихына терең үңілді. “Осындай іс-шаралар ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалды нығайтуға, қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің білім деңгейін арттыруға зор ықпал етеді”, – дейді өз әсерімен бөліскен әділет майоры Евгения Клепикова.

Рүстем РАХМЕТОВ, ЕС-164/3 мекемесінің маманы, әділет майоры.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp