Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментте Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі “Щучинск гарнизонының әскери полиция бөлімшесі” РММ-і өкілдерінің ұйымдастыруымен жиын өтті.
Шарада бөлімше бастығының орынбасары, әділет капитаны Ринат Жұмағұлов департаменттің әскери қызметшілері арасында қызметтік тәртіпті нығайту, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу және жол қозғалысы ережелерін сақтау бойынша насихат жұмысын жүргізді. Офицер жеке құрамға демалыс уақытында басқа қалаларға шыққанда жергілікті әскери басқару органдарында есепке тұру керектігін ескертіп, оның тәртібін түсіндірді.
Сондай-ақ, жиында кез келген құқық бұзушылыққа нөлдік төзімділікті қалыптастыру және радикалды ағымдарға қарсы іс-қимыл мәселесі де талқыланды.
Айман ӘБЖАПБАРОВА, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент баспасөз қызметінің басшысы.