«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

УАҚЫТ ТАЛАБЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері” атты Қазақстан халқына Жолдауында сандық білім беру ресурстарын дамыту, IT-технологияларды енгізу жөніндегі жұмыстарды жалғастыру маңызды екенін атап көрсеткен болатын. Бүгіндері өңірімізде балалардың цифрлы және функционалды сауаттылығын арттыру мақсатында отызға жуық IT-сынып ашылып, онда 8-16 жас аралығындағы оқушылар білімдерін жетілдіруде.

“Нұр Отан” партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Артур Молдағұлов бастаған топ Петропавл қаласындағы Оқушылар сарайында 12 жаңа IT-сыныпты аралады. Алдымен робот техникасы, химия және биология пәндерін тереңдетіп оқытуға арналған сыныптардың жұмысымен танысып, экологиялық таза өнімдерді алу, өсімдіктерді жан-жақты зерттеу, оларды топырақсыз өсіру, тыңайтқыштарды өндіру, балық өсіру және тағы басқа зертханалық талдаулар жүргізу тәжірибелеріне куә болды.

– “Нұр Отан” партиясы Елбасының тапсырмасы бойынша 2017 жылы жастарды сұранысқа ие, заман талабына сай мамандықтар бойынша оқытып, IT-сыныптарды ашуды қолға алды. Мұндай сыныптар облыс орталығында ғана емес, аудандарда да ашылуда. Балаларға арналған тегін IT-сынып­тардың көтерер жүгі салмақты. Оған келушілердің цифрлық сауаттылығын арттыруға, бәсекеге қабілетті болуына, болашақ мамандықтарын игеруге барлық жағдай жасалуда. Осы тұрғыдан келгенде өңірімізде атқарылып жатқан жұмыстар көңіл қуантады, – деді Артур Молдағұлов.

Алдағы уақытта бұл ауқымды жоба аясында тағы 35 сынып ашу көзделген. Сонымен қатар IT-компаниялар мен өңірлердегі оқу орындарының жанынан білікті мамандарды даярлайтын орталықтар ашылмақ. Мұндай орталықтарға алдымен жұмыссыз жəне өзін-өзі қамтыған жастар тартылмақ. Барлық сыныптар жаңа технологиялармен жабдықталып, оқушылардың цифрлы технологияның тілін жетік меңгеріп, инженерлік-технология, химия-биология бағытында ғылыми зерттеулермен айналысуларына, шәкірттердің дарынын ұштап, сандық технологиялар бағытындағы білімін арттыруға жол ашпақ.

Жанаргүл МЕЙРАМ, “Soltústik Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp