«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЭКСПОРТ КӨЛЕМІ АРТТЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірде құс шаруашылығы серпінді дамуда. Соның нәтижесінде облысымыз жұмыртқа өндірісі бойынша озат үштікке еніп отыр. Республика көлемінде жұмыртқа өндірісінің 14 пайызы біздің облысқа тиесілі.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мамандарының айтуынша, былтыр облыста 809 миллион дана жұмыртқа өндірілген. Бұл 2017 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 16 пайызға көп. Құс шаруашылығын одан әрі өркендетудің кешенді бағдарламасы жасалып, сұранысқа ие әрі бәсекеге қабілетті өнімді сыртқа сату да жоспарланған. Екі жылдың ішінде жұмыртқа экспорты көлемінің 74 пайызға өсуіне қарағанда бұл орайда мүмкіндіктердің мол екені байқалады.

Жергілікті кәсіпкерлер мұндай жоғары көрсеткіштерге озық технологияларды қолданудың, өндіріс қуатын арттырудың арқасында қол жеткізіп отыр. Тұтастай алғанда, өткен жылы экспорт 20 пайызға өсіп, 129 миллион АҚШ долларын құраған. Ал импорт, керісінше, 10 пайызға азайған.

Қанат АТАМАНОВ, “Soltustik Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp