«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАҒДАРЛАМАНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Радуга” ЖШС-і бастауыш партия ұйымының мүшелері “Нұр Отан” партиясының 2030 жылға дейінгі бағдарламасының жобасын талқылады. Басым бағыттардың қатарында цифрландыруды және “қарапайым заттар экономикасын” дамытуды атап өтті.

“Радуга” ЖШС-і – қарқынды дамып келе жатқан кәсіпорындардың бірі. Компания халық тұтынатын тауарларды, азық-түлік өнімдерін, пластмассадан және металдан жасалған бұйымдарды, тұрмыстық химия және гигиенаға арналған тауарларды шығарумен, дистрибуциямен айналысады. Кәсіпорын шығаратын өнімдердің ассортименті айтарлықтай кең. Олардың арасында қоқыс орайтын пакеттер, “пакет-майкалар”, полиэтилен құбырлар, биодәретханалар, бау-бақшаға арналған, сондай-ақ, белсенді демалысқа, аң аулауға қажет тауарлар бар. Компанияның өнімдері Қазақстанның барлық өңірлерінде және Өзбекстан, Ресей, Қытай елдерінде сатылуда.

Тұрмыстық металлопластикалық бұйымдар цехында “Радуга” ЖШС-і үтіктейтін тақталар, киімге арналған кептіргіштер, баспалдақтар, жұмсақ орындықтар дайындайды. Оларды шығару үшін жоғары өнімді заманауи құрал-жабдықтар пайдаланылады. Жақында киім үшін металл шкафтары, электршкафтары және балалар ассортименті бұйымдары шығарылмақ.

– “Нұр Отан” партиясының 2030 жылға дейінгі бағдарламасында “қарапайым заттар экономикасын” дамыту, отандық өндіріске қажетті тауарлармен қамтамасыз ету міндеті қойылған. Мемлекет басшысының Жолдауында атап көрсетілген бұл мәселеге біздің кәсіпорын жауапкершілікпен қарайды. Сонымен қатар біз отандық экономиканы цифрландыру және шикізатты қайта өңдеу бойынша “Нұр Отан” партиясының бастамасын қолдаймыз. Мысалға, біздің өндірісіміз басқарудың автоматтандырылған жүйесімен, заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Осының арқасында шығарылатын өнімнің сапасы артады және өзіндік құны төмендейді. Өндірісте 65 пайыз отандық шикізат пайдаланылады. Біз экология мәселесін де ұмытпаймыз. “Радуга” ЖШС-і қоқыс сұрыптаумен және қайта өңдеумен айналысады, пластикалық материалдар екінші рет пайдаланылады, – деді “Радуга” ЖШС-і бастауыш партия ұйымының төрағасы Максим Большедворов.

Бүгінгі таңда кәсіпорында көптеген жас мамандар еңбек етуде. Оларға жан-жақты қолдау көрсетіледі. Бастауыш партия ұйымы төрағасының пікірінше, “Жастар жылында” бұл ерекше өзекті болмақ.

Ілияс СӘБДЕНОВ, “Нұр Отан” партиясы облыстық филиалының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp