«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Қаңтар 31, 2019

ТЕАТР – ТӘРБИЕ ҚҰРАЛЫ

Есіл ауданының орталығы – Явленка ауылындағы Мәдениет үйінде “Шабыт” халық театры жұмыс істейді. Мұнда ауылдың қоғамдық өміріне белсенді араласып жүрген, өнерге деген ынтасы зор тұрғындарының бастары тоғысқан. Жарты ғасырға жуық тарихы бар театр бүгінде ауданның мәдени шараларын өткізуге белсене атсалысып, тәрбиелік мәні зор сахналық қойылымдарымен көзге түсуде.

ЕР ҚАНАТЫ

Тарихқа көз салсақ, ежелгі түркі тектес халықтың көбі жылқыны ерекше қадірлеген. Әлбетте, солардың ішінде қазақтың Қамбар ата тұқымына деген құрметі айрықша. Мұны халқымыздың Қобыландының Тайбурылына, Алпамыс батырдың Байшұбарына, Ер Тарғынның Тарланына және Ақан серінің Құлагеріне көрсеткен ықыласынан аңғаруға болады.

ОШАҚ ЖЫЛУЫН САҚТАУ — ПАРЫЗ

Тимирязево ауылындағы орталық кітапханада аудандық әкімдік жанындағы отбасылық және гендерлік саясат жөніндегі комиссияның кезекті отырысы болып өтті. Аталмыш ауданда нәзік жандарға қатысты күш қолдану, оларға зорлық-зомбылық көрсету азаймай тұр. Өткен жылдың өзінде осындай 16 іс қаралыпты. Бүгінде әйелдерге әлімжеттік жасаған он азамат жауапқа тартылуда.

АЛЫП АНАДАН ТУАДЫ

Ұлы даланың ішіне бүккен сырлары көп. Өкінішке қарай, қиын сәтте еліне қорған болған талай адамдардың есімдері ұмыт қалды, қасақана санадан өшірілгендері қаншама? Халқымызды тамырынан ажырату үшін басқыншылар тарихымызды да қолдан жазып берді. Тарихи кітаптарды оқып отырсақ, қазақ халқында қалмақтан басқа жау болмағандай әсер қалдырады. Тұрмысы мен салты бір, елі аралас, малы қоралас жатқан қос халық …

АЛЫП АНАДАН ТУАДЫ Read More »

ЕҢБЕКСІЗ МАЛ ДӘМЕТКЕН – ҚАЙЫРШЫЛЫҚ

Бала кезімізде ауыл-ауылды аралап, гитараларымен әндетіп жүретін сығандарды көргенде, әзірейілді көрген адамдай сүріне-қабына үйге қарай жүгіретініміз есімде. Қалаға келгенде де осы халықтың өкілдері алақанға қарап болашақты болжап бермекке жармасқан кезде жаныма жуытпауға тырысатын едім. Кейін тіленшілеген тәжіктерді көп кезіктіретін болдық. Күнкөрістің қиындығын, қымбатшылықты алға тартып, алақан жаюшылардың қарасы осы күнде де қалың.

ЖАСАНДЫ СҰЛУЛЫҚ

Бүгінде қай елде, қай өңірде болмасын пластикалық ота жасатуға құмар жандардың қатары көбейіп келеді. Әдетте аурухана – жол апатына ұшырағандарға, әлдебір жағдаймен жарақат алғандарға ота жасайтын жер. Ал қазіргі күні ол жерде жасанды сұлулыққа құмартқандар мен өзін жасартқысы, бет әжімінен арылып, көздің қабағын өзгертіп, құлағын кішірейтіп, мұрынын түзегісі келетіндер де бой көрсетіп қалып жүр.

ТАҒДЫРЫМ БАР ЕШКІМГЕ ҰҚСАМАЙТЫН

Ол айнаның алдында ұзақ тұрды. Арпалысқа толы ғұмыры көз алдынан сырғып өткендей. Алпысқа енді келсе де, жүзін әжім торлаған, шашын ақ қырау шалған мосқал әйелдің бейнесін көресің. Бұралаң-бұлтарысы көп өмірде ол өзін бақытсыз жан санайды. Жылдар бойғы өкініші өзекті өртеп, кеудесін сағыныш кернеген ана тағдырдың “тосын сыйына” таңғалып тұрғандай. “Бәрі де бір Алланың қалауымен” деген …

ТАҒДЫРЫМ БАР ЕШКІМГЕ ҰҚСАМАЙТЫН Read More »

ИГІЛІКТІ ІС

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрында кеден қызметінің полковнигі Қайсар Малғаждаровты еске алуға арналған қайырымдылық концерті өтті. Жыл сайын ұйымдастырылатын кешке марқұмның туған-туыстары, әріптестері мен жора-жолдастары, қала тұрғындары жиналды.

ТИМУР БЕКМАМБЕТОВ

Кинорежиссер, сценарист, продюсер Тимур Бекмамбетовтың есімі дүниежүзіне танымал десек, артық айтқандық болмас. Ол 1961 жылы Атырауда дүние есігін ашқан. Бойында өнерге деген қызығушылық бала кезінен оянған. Ата-анасы жас таланттың талабының ұшталуына, дарынының ашылуына, армандарының қияға қанат сермеуіне ықпал етті. Тимурды Ташкенттегі театр және өнер институтына алып келген де жақындарының берген дұрыс бағыт-бағдары.

ҚЫСҚЫ КӨПСАЙЫС

Шал ақын ауданының орталығы – Сергеевка қаласында қысқы президенттік көпсайыстан облыс біріншілігі өтті. “Солтүстік – 2019” қысқы спорттық мерекесі аясында ұйымдастырылған сайысқа 200-ге жуық спортшы қатысты.

ТАЙЫНШАЛЫҚТАР ТОП ЖАРДЫ

Петропавл қаласында 2002-2004 жылдары туған жасөспірімдер арасында еркін күрестен облыс біріншілігі мәресіне жетті. Оған Петропавл қаласы мен аудандардан 100-ден астам жас балуан қатысты.

АСЫҒЫСТЫҚ КЕСІРІ

Облыс орталығындағы Жамбыл және Абай көшелерінің қиылысында жол апаты орын алды. Жол талғамайтын “Лексус” көлігінің жүргізушісі Абай көшесімен келе жатып бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен. Нәтижесінде “Тойота Камри” маркалы автокөлікке соғылған. Оқиғаның салдарынан зардап шеккен бес адамның біреуі ауруханаға жеткізілді.

VYSOSKІІ ÁNDERI ÁÝELEDI

Dostyq úıinde Vladımır Vysoskııdi eske alýǵa arnalǵan shyǵarmashylyq kesh ótti. Onyń barysynda oblysymyzdyń shyǵarmashylyq ujymdary men ónerpazdary ánshiniń tanymal týyndylaryn oryndady. Ásirese, tyńdarmandar A.Ramazanov, V.Shırıaev, K.Iаkıshına, S.Snýrısynnyń oryndaýyndaǵy avtordyń mahabbat, tabıǵat jáne áskerı taqyryptaryndaǵy fılosofııalyq ánderin jyly qabyldady.

ТЫРНАҚАЛДЫ ТУЫНДЫ

“DIGITAL ҰРПАҚ” оқушылар сарайы жанындағы “Толағай” балалар театры қызылжарлықтарды тұңғыш спектаклімен қуантты. Жерлес ақын Мағжан Жұмабаевтың “Батыр Баян” поэмасын “Білім – инновация” мамандандырылған лицей-интернатының оқушылары сахналады.

ЖАСТАР САЯБАҚТАРЫ АШЫЛАДЫ

Облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың басшысы Ирина Тухватулинаның айтуынша, биыл өңір жастарына жан-жақты қолдау білдірілмек.

ҚОРҒАНСЫЗДАРҒА КӨМЕК

Ауа райының суық күндері Петропавл қалалық полиция басқармасының қаңғыбастарға арналған қабылдап-тарату орнының қызметкерлері күшейтілген режімде жұмыс істеуде. Олардың басты міндеті үй-күйсіз жүрген азаматтардың суықтан үсіп қалуының алдын алу болып табылады.

ТАРИХҚА ТАҒЗЫМ — ҰРПАҚҚА АМАНАТ

Кейбір жастарымыздың рухани жаңғыруға бетбұрыс бүгіннен басталды деп түсінетіндері жасырын емес. Әрбір тарихи кезеңге көз салатын болсақ, Ұлы дала ұрпақтарының көреген-ойшыл, заманынан озып туған ұлдары ел-жұртының, халқының, ұлтының сана-сезімінің жаңғыруына зор үлестерін қосқанын аңғарамыз. Оны Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев өзінің “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру”, “Ұлы даланың жеті қыры” атты бағдарламалық мақалаларында атап көрсетіп, мұның “жай ғана …

ТАРИХҚА ТАҒЗЫМ — ҰРПАҚҚА АМАНАТ Read More »

ЖАЛҒАН АНЫҚТАМАНЫҢ ЖОЛЫ КЕСІЛМЕК

Облыстық ауруханада “Қызылжар – адалдық алаңы” жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен өңірдегі денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларымен кездесу өтті.

ӨЗ ІСІНІҢ ҮЗДІГІ

Жұмыр басты пенденің бір-бірінен абыройын асырып, маңдайын жарқырататын бір-ақ нәрсе бар. Ол – еңбек. Өңірімізде құрылысшы, дәнекерлеуші, автомеханик, электр шебері сияқты жұмысшы мамандықтарды меңгерген азаматтарға деген құрметтің жыл санап өсуі соның айқын дәлелі.