Елімізде отбасылық сот құрылатыны туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының төрағасы Жақып Асанов айтты.
Бұл үшін жақында кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі соттар базасын отбасылық сотқа трансформациялау мәселесі қаралмақшы. Жоғарғы соттың кеңейтілген отырысы барысында Жақып Асанов еліміздің 51 сотындағы «Отбасылық сот» жобасына 107 судья жұмылдырылғанын атап өтті. Олар отбасын сақтап қалуға және олардың құқықтық проблемаларын шешуге жағдай жасайды.
https://www.inform.kz/kz/kazakstanda-otbasylyk-sot-kurylady_a3493996