«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 18.02.2019

ТАСҚЫНҒА ӘЗІРЛІК БАСТАЛДЫ

Көктемгі су тасқынына дайындық – өзекті мәселелердің бірі. Қар күрт ерісе, өңіріміздегі өзен-көлдердің жанында орналасқан 37 елді мекенге су астында қалу қаупі төнеді. Сол себепті өңірімізде табиғи апаттың алдын алуға арналған кешенді әзірлік шаралары басталды.  

ӘСКЕРИЛЕРДІҢ ӘРІПТЕСТІГІ БЕКИ ТҮСТІ

“Жаһандық ядролық қауіпсіздік” халықаралық бағдарламасын жүзеге асыру аясында Петропавл қаласындағы Ұлттық ұлан әскери институтына екі жаңа электронды тир орнатылды. Заманауи қондырғылардың ашылу салтанатына Астана қаласындағы АҚШ елшілігінің жанындағы қорғаныс министрлігінің қауіп-қатерді азайту жөніндегі агенттігінің бөлім директоры, подполковник  Стивен Колдер бастаған топ пен Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы, генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов  қатысты. Бұл туралы толық ақпаратты газетіміздің …

ӘСКЕРИЛЕРДІҢ ӘРІПТЕСТІГІ БЕКИ ТҮСТІ Read More »

МӘРЕ СЫЗЫҒЫН БІРІНШІ КЕСТІ

Солтүстікқазақстандық велоспортшы, “Астана” велоклубының өкілі Алексей Луценко “Оман туры” көпкүндігінде бақ сынауда.

БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРАДЫ

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың өкімімен Бейбітбек Жайлыбаев  жер инспекциясы басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды. 47 жастағы  Бейбітбек Шыңдалыұлы  –  Қызылорда облысының тумасы. Мамандығы бойынша зооинженер, экономика бакалавры. Жамбыл облысында ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, аудандық, облыстық атқарушы органдарда қызмет еткен. Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты.  

«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ТҮЛЕГІ – АУДАН ӘКІМІ

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Ақсақаловтың өкімімен Тимирязев ауданының әкiмi болып Нұрлан Кеңесов тағайындалды. 1983 жылы Қарағанды қаласында туған Нұрлан Маратұлы мамандығы бойынша менеджмент және көлік басқару, ұйымдастыру инженері. «Болашақ» бағдарламасы бойынша Англияда білім алған. Индустрия және жаңа технологиялар, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінде, «Нұр Отан»  партиясының орталық аппаратында,  Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппаратында қызмет …

«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ТҮЛЕГІ – АУДАН ӘКІМІ Read More »

ТАҒЫЛЫМЫ МОЛ ШАРА

Петропавлдағы Қазақ мектеп-гимназиясында “Махаббат пен шығармашылық педагогикасы” тақырыбында онкүндік өткізілді. Бұл шара әрқайсымыздың бойымызда ізгі қасиеттерді қалыптастыруға бағытталды. Онкүндік барысында ұжым арасында “Ақиқат” – ақ, “Сүйіспеншілік” – қызыл, “Дұрыс әрекет” – сары, “Ішкі тыныштық” – көк, “Қиянат жасамау” – жасыл түс болып белгіленіп, ұстаздар мен оқушылар әр құндылыққа сай түрлі-түсті киім киіп, тренингтерге қатысты. “Денсаулық …

ТАҒЫЛЫМЫ МОЛ ШАРА Read More »

“ӘКЕМ ЖАЙЛЫ БАЛАЛАРЫМА ДА АЙТПАДЫМ”

Алаштың ардақты ұлдарының бірі, ақын, жазушы Міржақып Дулатовтың есімі азаттықтың арайлы таңымен бірге қайта оралып, қилы ғұмырының ақтаңдақтары ашыла бастады. Назарларыңызға айтулы тұлғаның қызы, марқұм Гүлнәр Дулатованың күнделігінен үзінді ұсынып отырмыз.

ТҮРМЕГЕ ҚАМАМАУДЫ СҰРАДЫ

Петропавл қаласындағы «Ударник»түнгі клубының маңында екі қызды қағып кеткен «Лексус» көлігінің жүргізушісі Илья Старухинге қатысты кезекті сот отырысында прокурор соттан оқиға орнынан қашып кеткен айыпталушыны қауіпсіздігі төмен түзету мекемесіне, яғни қоныс колониясына төрт жылға қамауға алып, бес жылға жүргізуші куәлігінен айыруды сұрады. Айыпталушының анасы мен зайыбы да кішкентай балаларының өсіп келе жатқанын айтып, бас бостандығынан айырмауды өтінді. Илья Старухин қайтыс болған Ксения Овсянникованың туыстарынан тағы бір мәрте …

ТҮРМЕГЕ ҚАМАМАУДЫ СҰРАДЫ Read More »

ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ ҚАБЫЛДАДЫ

Облыстық полиция департаментінің бастығы, генерал-майор Берік Біләлов азаматтарды «Инстаграм» әлеуметтік желісінің тікелей эфирінде қабылдап, толғандырған сұрақтарына жауап берді. Сұрақтардың дені қылмыстық істерді қарастыру барысына, әкімшілік, көші-қон заңнамасын түсіндіру, автокөлікті есепке қою және есептен шығару, ішкі істер органдарына жұмысқа орналасу жөнінде болды. Бұл туралы толығырақ газетіміздің келесі нөмірлерінен оқи аласыздар.

ҚАЗАННЫҢ ҚАСИЕТІ

Жазда ауылға барып, туған-туысты аралап, марқұмдарға зиярат ету көп адамның қашаннан қалыптасқан әдеті болса керек. Сонда байқағаным, ауылдағы көне зираттарда төңкерілген қазан жатады. Бірі – моланың ішінде, тағы бірі қабір шұңқыры үстінде. Үлкендер бұрын мәйіт басындағы төңкерілген қазан марқұмның артында тұяғы қалмады, оты өшті дегенді білдіреді дейтін. Иә, артында мирасқоры қалмаған соң қара қазанын басына …

ҚАЗАННЫҢ ҚАСИЕТІ Read More »

ОБЛЫС ӘКІМІ ЕСЕП БЕРЕДІ

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың тұрғындар алдында есеп беру кездесуі 2019 жылдың 21 ақпаны күні Оқушылар сарайында өтеді. Басталуы: сағат 15-00. Облыс әкімінің есептік кездесуі “МТРК” телеарнасында және Солтүстік Қазақстан облысының www.sko.gov.kz ресми интернет-ресурсында тікелей эфирде көрсетіледі. Тұрғындар өтініш-тілектері мен сауалдарын облыс әкіміне 8 7152-35-02-04 телефоны және www.sko.gov.kz ресми сайты арқылы жолдай алады. Сонымен …

ОБЛЫС ӘКІМІ ЕСЕП БЕРЕДІ Read More »

АҚЫНДЫ САҒЫНЫШПЕН ЕСКЕ АЛДЫ

С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада айтыс өнерінің ақтаңгері, жазба әдебиетте де өз қолтаңбасын қалдырған қаламгер, жерлесіміз Ерік Асқаровтың туғанына 60 жыл толуына орай “Талант пен тағдыр” атты әдеби кеш өтті. Оқырмандарды қаламгердің өмірі және шығармашылығымен таныстыру мақсатында ұйымдастырылған шараға зиялы қауым өкілдері, марқұмның туған-туыстары, жастар қатысты. Кеш қонақтары “Ақыннан өлмес жыр қалған” атты кітап көрмесін …

АҚЫНДЫ САҒЫНЫШПЕН ЕСКЕ АЛДЫ Read More »

ӨНЕРПАЗ БАЛҒЫНДАР

Петропавл қаласында жас музыканттар арасында “Дебют” атты облыстық байқау өтті. Байқауға 70-ке жуық өнерпаз қатысты. Олар екі аталым бойынша фортепьянода ойнап, сайысты. Облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы директорының орынбасары Ирина Колодаева бұл шараға республикалық байқаулардың жеңімпаздары да қатысқанын айтып, Тайынша өнер мектебінің оқушылары белсенділік танытқанын жеткізді. Ал Айыртау ауданынан келген Лиля Вафина фортепьяношы болуды …

ӨНЕРПАЗ БАЛҒЫНДАР Read More »

ӨЖЕТ ӨРТСӨНДІРУШІ

Петропавл қаласындағы бесқабатты тұрғын үйдің пәтерінен өрт шықты. Төтенше жағдай Брусиловский көшесі, 61 мекенжайында орналасқан тұрғын үйдің үшінші қабатында орын алды. №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы оқиға орнына жеткенде түтін кіреберіске жайылып үлгерген. Үшінші қабатқа көтерілген өртсөндірушілер көк түтіннен есеңгіреп қалған 60 жастағы әйелді құтқарып, дәрігерлердің қарауына тапсырды. Оқиға орнынан 24 адам қауіпсіз …

ӨЖЕТ ӨРТСӨНДІРУШІ Read More »

ЖЕҢІС ЖІГЕРЛЕНДІРЕДІ

Бүгіндері ауылдан шыққан өрендердің спорттағы қол жеткізген жетістіктеріне қарап марқаямыз. Жуырда халықаралық сайыстарда ел намысын абыроймен қорғап жүрген спорттық бағдарлаушылар – Ілияс және Әсем Назыровтармен кездесудің сәті түсті.

QYZYLJAR DÁMI

О́ńirimizde “Qyzyljar dámi” gastronomııalyq festıvali jalǵasyn tabýda. Buqaralyq aqparat quraldarynyń ókilderi festıvalǵa qatysýshy “Piccolino” jáne “Ognı Kaspıa” dámhanalary usynǵan taǵamdardan dám tatty.

КӘСІБИЛІК — НЕГІЗГІ ТАЛАП

Оқушылар сарайында мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің өткен жылғы жұмысын қорытындылауға арналған кеңейтілген алқа отырысы өтті. Қоғамдық бақылау, мемлекеттік қызметтің сапасы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жайы талқыланған жиынға облыс әкімінің орынбасары Мадияр Қожахмет қатысты.

ЗИЯНКЕСТЕР ОРМАНҒА ҚАУІП ТӨНДІРУДЕ

Облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына қарасты мемлекеттік орман қоры жерлерінің ауданы 549,6 мың гектарды құрайды. Биыл ормандарда өскіндер мен екпелердi сақтау, олардың өнiмдiлiгiн арттыру, дiңiндегi зиянкестердің санын азайту және жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында санитарлық-сауықтыру шаралары жүргізілді. Атап айтқанда, 362 гектар аумақтағы қураған ағаш кесілді. Ал былтыр 3086 гектар жердегі ескі ағаштардың …

ЗИЯНКЕСТЕР ОРМАНҒА ҚАУІП ТӨНДІРУДЕ Read More »

ҒЫЛЫМИ ЖОБАСЫ ҮЗДІК ДЕП ТАНЫЛДЫ

Мағжан Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжі жанындағы мектеп-лицейдің 9 сынып оқушысы Даниил Александров республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпазы атанды.