«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 18.02.2019

АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АЯҚТАЛҒАНЫНА – 30 ЖЫЛ

Құрбандар рухына тағзым Солтүстікқазақстандық тәртіп сақшыларының қатарында Ауғанстанда, тәжік-ауған шекарасында қызмет еткен 29 полицей бар. Облыстық полиция департаментінде Ауғанстан жерінен кеңес әскерінің шығарылғанына 30 жыл толуына орай, ауған соғысында мерт болған сарбаздар мен жауынгерлік іс-қимылдарға қатысушылардың рухына тағзым етіп, өскелең ұрпақты олардың есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу мақсатында салтанатты шара өтті.

АСХАНА МӘЗІРІ АЛА-ҚҰЛА

Қызылжар ауданының Бәйтерек орта мектебінде оқушыларға еліміздің қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерімен тыйым салынған қуырылған тағамдар берілген. Осы және басқа да кемшіліктерді “Нұр Отан” партиясы облыстық филиалының арнайы тобы мектеп асханаларына мониторинг жүргізу барысында анықтады.

ШАШТЫ АҒАРТАТЫН ГЕН

Британ ғалымдары адамның шашының ағаруына жауапты генді анықтады. Осы жаңалық адамның қартаю процесін болдырмауға немесе баяулатуға жағдай туғызуы мүмкін. Зерттеу нәтижесі “Nature Communications” басылымында жарияланды. Ғалымдар әртүрлі нәсілге жататын 6 мыңға жуық еріктінің ДНҚ сынамасын алған. IRF4 гені шаштағы, терідегі және көздегі меланин пигментіне жауап береді. Шаштың ағаруына бұл ген ғана әсер етпеуі ықтимал, сонда …

ШАШТЫ АҒАРТАТЫН ГЕН Read More »

КҮНЖІТТІҢ ПАЙДАСЫ

Күнжіт – біржылдық өсімдік. Оның құрамында адам ағзасына пайдалы заттар өте көп. Алайда, оны қолдану жолы әртүрлі, тағам ретінде де, емдік дәрі ретінде де пайдалануға болады. Әсіресе, күнжіт майы көптеген ауруға ем. Ол өте құнарлы әрі құрамында көмірсулар мен аминқышқылдар, ақуыздар бар.

ӘЛСІЗДІКТІ ЖОЮДЫҢ ЖОЛЫ

Денеде әлсіздік пайда болса, таза ауада үш сағаттай серуендеу үлкен нәтиже береді. Адамды тыныштандырып, ағзаны қалпына келтіру үшін итмұрынның тұнбасы да жақсы әсер етеді. Ол үшін жарты литр су құйылған ыдысқа бір ас қасық кептірілген итмұрынды салып қайнатады. Сонымен қатар жалбыз (мята), киікоты (душица), тасшөп (тимьян), шайқурай (зверобой), таңқурай, шетен (рябина), бүлдірген (земляника) мен қара …

ӘЛСІЗДІКТІ ЖОЮДЫҢ ЖОЛЫ Read More »

ИНСУЛЬТТІҢ АЛДЫН АЛҒАН ЖӨН

Қазіргі таңда адамдардың инсультке шалдығуы көбейді. Инсульт ми қан айналымының бұзылуынан болады. Оның салдарынан адамдардың 70-80 пайызы мүгедек болып қалады. Мидың сол жақ беті зақымданған кезде инсульт белгілері дененің оң жағында немесе керісінше пайда болады. Сондықтан ауру белгісін байқаған бойда науқасқа жедел медициналық көмек көрсету керек. Мәселен, адамда кенеттен әлсіздік пайда болып, дене мүшелерінің сезімталдығы …

ИНСУЛЬТТІҢ АЛДЫН АЛҒАН ЖӨН Read More »

БУЫНҒА ДА БАП КЕРЕК

Бүгінде көп тараған аурулардың бірі – буын сырқаты. Оның пайда болу себептері әртүрлі. Көп жағдайда адамның аз қимылдауынан, суық тиюден, экологияның зиянды әсерінен, кальцийдің жетіспеуінен туындайды. Адамның ағзасында 25 жасқа дейін кальций жеткілікті болады. Ал 25 жастан кейін міндетті түрде ағзаның кальций қорын толықтырып отыру керек. Мұндайда сүт өнімдерін мол пайдаланудың маңызы зор. Бұл ауру …

БУЫНҒА ДА БАП КЕРЕК Read More »

ОБЛЫС ӘКІМІ ЕСЕП БЕРЕДІ

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың тұрғындар алдында есеп беру кездесуі 2019 жылдың 21 ақпаны күні Оқушылар сарайында өтеді. Басталуы: сағат 15-00.

АЯҚТАН СЫЗ ӨТСЕ…

Қыста адам жылы киініп, аяқтан суық өткізіп алмауы керек. Өйткені, аяқтан өткен сыз бірден денеге таралады. Мұрын бітеліп, көз жасаурап, жөтел, түшкіру пайда болады. Қыс мезгілі былай тұрсын, аптап ыстықта да кейбір адамның аяғы мұздап, терлейді. Жанға батып ауыртпаған соң көбі дәрігердің көмегіне жүгінуге асықпайды. Дегенмен, аяқтан сыз өткенде, үйде аурудың алдын алу үшін қарапайым …

АЯҚТАН СЫЗ ӨТСЕ… Read More »

БАСЫНАН БАҒЫ ТАЙМАҒАН

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” атты бағдарламалық мақаласында: “Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәс­түрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі. Бұл кез келген халықты әншейін біріге салған қауым емес, шын мәніндегі ұлт ететін мәдени- генетикалық кодының негізі”, – дей келе “Туған жер” бағдарламасын қолға алуды ұсынған болатын. Бұл …

БАСЫНАН БАҒЫ ТАЙМАҒАН Read More »

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУДЫҢ ӘЛЕУЕТІ АРТТЫ

Қоғамның барлық мүшесінің өмір сүру сапасын арттыру, тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтып, олардың тұрмыс деңгейін жақсарту мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі саналады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру” атты Жолдауында халықтың жағдайын көтеру, елдегі әлеуметтік мәселелерді шешу міндеттерін қойды. Біздің басқарма да Жолдауда айтылған тапсырмаларды орындау мақсатында ауқымды іс-шараларды жүзеге асыруда.

“ЖАСТАР ЖЫЛЫ”

“Солтүстік Қазақстан облысының кәсіподақтар орталығы” аумақтық кәсіподақтар бірлестігінде үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Жиында бірлестік төрағасы Ерік Нұрақаев алдағы жоспарларымен бөлісті.

КӨМЕК ҚОЛЫН СОЗБАҚ

Алтыншы шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезектен тыс отызыншы сессиясында халық қалаулылары 2019 жылға арналған облыстық бюджетті нақтылау, жер мәселесі жөніндегі комиссияның атқарған жұмыстары және амбулаториялық тегін емделетін азаматтарға қосымша дәрі-дәрмек, медициналық мақсаттағы құралдар бөлу мәселелерін талқылады. Депутаттардың жиналысына облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

ЕЛДІҢ БАСТЫ САЯСИ КҮШІ

“Нұр Отан” партиясы облыстық филиалының кезектен тыс жиырма тоғызыншы конференциясы өтті. Бұл алқалы жиынға өңір басшысының орынбасары Дәурен Жандарбек, облыстық басқармалар мен ведомстволардың басшылары, барлық аудандар мен облыс орталығындағы партия ұйымдарынан сайланған делегаттар қатысты.