«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 21.02.2019

МАЛ БАСЫ АРТҚАН

Биылғы жылы облысымызда үш сүт өңдеу фермасының құрылысы басталады. Бұл туралы облыс әкімі Құмар Ақсақалов тұрғындар алдындағы есепті кездесуінде мәлімдеді.  

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ

Биыл шетел инвесторларының қатысуымен өңірімізде қоспажем және ағаш өңдеу өндірісі бойынша жобалар жүзеге асырылатын болады. Бұл туралы облыс әкімі Құмар Ақсақалов тұрғындар алдындағы есепті кездесуінде мәлімдеді.  

120 МЕКТЕП ЖӨНДЕЛЕДІ

Ұзақ жылдар бойы қаржының тапшылығынан облыстағы білім беру мекемелеріне күрделі жөндеу жүргізуге көп дегенде 400 млн. теңге бөлініп келген болатын. Үстіміздегі жылы республикалық бюджеттен 120 білім беру нысанын күрделі жөндеуге 5 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді. Күрделі жөндеу 35  мыңға жуық оқушы оқитын 120 мектепте оқу-тәрбие үрдісіне қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Бұл жайлы өңір …

120 МЕКТЕП ЖӨНДЕЛЕДІ Read More »

АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕГЕНДЕР АҚЫСЫН АЛДЫ

Белгіленген уақыттан артық жұмыс істеген 78 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтіріліп, тиісті ақшалары төленді. Бұл жайлы мемлекеттік қызмет саласын бақылау департаментінің басшысы Ғани Жалбидің және облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Дулат Тайшабайдың қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

ШАТЫРЛАР ЖӨНДЕЛЕДІ

Петропавл қаласының Астана көшесі, 50 мекенжайында орналасқан көпқабатты үйдің тұрғыны ғимарат шатырының нашарлығын айтып шағымданды. Баспана тұрғындары бұған дейін шатырды өз қаражаттарына жөндеп келген. 

АПАТТЫҚ ЖАҒДАЙДАҒЫ ҮЙЛЕР БҰЗЫЛАДЫ

Биыл Петропавлдағы 2-ші Первомайский көшесінде 4 апаттық үй бұзылады. Бұл туралы  облыс әкімі Құмар Ақсақалов есеп беру кездесуінде айтты. Облыс орталығындағы апаттық үйлердің мәселесі ұзақ жылдар бойы шешілмей келген еді. «Үйлерді бұзу – ауқымды және көп шығынды қажет ететін жұмыс. Бірақ, біз бұл қадамға тұрғындардың жағдайын жақсарту үшін барып отырмыз. Жалпы, біздің міндетіміз – баспана …

АПАТТЫҚ ЖАҒДАЙДАҒЫ ҮЙЛЕР БҰЗЫЛАДЫ Read More »

КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРДЫҢ ЖӘРДЕМАҚЫСЫ АРТАДЫ

Бүгінде өңірімізде  тұратын алты мыңнан астам көпбалалы анаға ай сайын жалпы сомасы 1,2 млрд. теңгені құрайтын  мемлекеттік жәрдемақы берілуде.  Көпбалалы отбасынан шыққан  3613 оқушы тегін тамақпен қамтамасыз етілген. Колледждерде  оқып жатқан 1300 өрен  әлеуметтік көмек алады.  «Облысымыздағы «Алтын алқа»,  «Күміс алқа», «Батыр ана»  ордендерімен марапатталған аналарға   берілетін жәрдемақы екі есеге көбейтіліп,   4-5  баладан көп перзент  …

КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРДЫҢ ЖӘРДЕМАҚЫСЫ АРТАДЫ Read More »

ЖОЛДАР ЖӨНДЕЛЕДІ

Облыс әкімінің есеп беру кездесуі барысында түскен сауалдардың дені ауылдағы жол мәселесіне қатысты болды. Өңір басшысы Құмар Ақсақалов аудан әкімдерін орындарынан тұрғызып, көтерілген мәселелердің орындалу барысын сұрады. Қызылжар ауданы Новоалександровка ауылының жолына қатысты сауалға аудан әкімі Жанат Сәдуақасов ауыл жолы әзірге жөнделмейтінін, биыл күрделі жөндеу жұмыстарына арналған жобалық-сметалық құжаттың жасалатынын тілге тиек етті. Ал Мағжан …

ЖОЛДАР ЖӨНДЕЛЕДІ Read More »

БЕЛЬГЕРГЕ КӨШЕ БЕРІЛЕДІ

Биыл жазушы, қазақ тілінің нағыз жанашыры, жерлесіміз  Герольд  Бельгердің туғанына  85 жыл толады.  Облыс әкімінің есептік кездесуінде Шал ақын ауданының тумасы өңір басшысына «Қаламгердің есімін  жас ұрпақтың  есінде ұзақ уақыт қалдыру, шығармаларын насихаттау  мақсатында облыста қандай жұмыстар атқарылады?», – деген сауал қойды.  Алдағы уақытта Шал ақын ауданының орталығы – Сергеевка қаласында  бір көшенің атауы айтулы …

БЕЛЬГЕРГЕ КӨШЕ БЕРІЛЕДІ Read More »

БАЛАЛАР АЛАҢДАРЫ САЛЫНАДЫ

Облыс әкімінің есептік кездесуінде балалар алаңы салынатыны туралы айтылды. Былтыр Петропавлда  34 балаларға арналған ойын алаңы пайдалануға берілсе, биыл бұл сан қырыққа жетпек. Облыс әкімі  Құмар Ақсақалов қала басшысы Марат Тасмағамбетовке  бұл жұмысқа ПИК төрағалары мен  тұрғындарды да тарту қажеттігін тапсырды. 

САНАТОРИЙ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛМЕК

Өңір басшысы Құмар Ақсақалов Айыртау ауданындағы «Шалқар Су» санаторийін сынға алды. «Кезінде жанға жайлылық сыйлаған санаторийдің бүгінгі күйі жарылыстан кейін сияқты», – деген Құмар Іргебайұлы Шалқар-Имантау курорттық аймағы республикалық маңыздағы 10 үздік жобаның қатарына енгендіктен  енді аталмыш санаторийді инвестор қалпына келтіретінін жеткізді. Бұл мақсатқа 1 миллард теңгеден астам қаржы жұмсалатын болады.

«СЫРЫМБЕТ» КЕН ОРНЫН ИГЕРУ БАСТАЛДЫ

Қазақстандағы алғашқы және Орта Азиядағы ең ірі кен ошағы саналатын Айыртау ауданындағы «Сырымбет» қалайы кен орнындағы жұмыстар жанданатын болады. Ол жайында өңір басшысы Құмар Ақсақалов облыс тұрғындарымен есеп беру кездесуінде айтты. «Бірер күн бұрын «TinOneMining» компаниясының өкілдері бұл бағыттағы жұмыстар сәуір-мамыр айында басталатынын айтты. Ұзақ уақыт бойы келіссөздер жүргізіліп, қаржыландыру мәселесі шешілді. Ауқымды жобаны жүзеге …

«СЫРЫМБЕТ» КЕН ОРНЫН ИГЕРУ БАСТАЛДЫ Read More »

СЕРПІНДІ ДАМУ ЖОЛЫНДА

Солтүстік өңір ауыл шаруашылығын цифрландыру бойынша өзге өңірлерден көш алда. Бұл туралы Оқушылар сарайында өтіп жатқан облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың тұрғындармен есепті кездесуінде  Үкімет басшысының орынбасары-Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев айтты. «Ауыл шарашылығы кешенін цифрландыру аграрлық өңір үшін өте маңызды. Биыл ел бойынша ашылатын 500 сандық ферманың 100-і Солтүстік Қазақстан облысына тиесілі. Бұл …

СЕРПІНДІ ДАМУ ЖОЛЫНДА Read More »

ЕРЛАН РЫСҚАЛИДЫҢ ЖЕКЕ КОНЦЕРТІ

Кеше Петропавлда Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, дәстүрлі әнші Ерлан Рысқалидың «Өзім туралы» деп аталған жеке концерті өтті. Қазақ халық әндері мен халық композиторларының шығармаларын насихаттаушы, танымал дарын иесінің қызылжарлық  көрермендерімен кездесуі лекция-концерт түрінде өтті. Концерттік бағдарлама Сегіз серінің «Ғайни» әнімен ашылып, Ерлан Рысқали көптеген сал-серілердің туындыларын домбырада сүйемелдеп орындады. Әр әннің тарихы, оның авторы …

ЕРЛАН РЫСҚАЛИДЫҢ ЖЕКЕ КОНЦЕРТІ Read More »

ҚҰНДЫ ЖӘДІГЕРЛЕР

Облыс орталығындағы “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінде “Қолөнер – сырлы өнер” атты Мағжан Жұмабаев аудандық тарихи-өлкетану музейінің көшпелі көрмесі ашылды. “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында ұйымдастырылған көшпелі көрмені тамашалауға қала тұрғындары мен студенттер қатысты. Қазақ халқының тыныс-тіршілігінен сыр шерткен құнды жәдігерлер келушілердің қызығушылығын тудырды. – Биыл қызылжарлықтардың назарына қазақ этнографиялық экспозициясын ұсынуды ұйғардық. Халқымыздың тарихын зерттеуде …

ҚҰНДЫ ЖӘДІГЕРЛЕР Read More »

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУІ

Бүгін сағат 15.00-де Оқушылар сарайында облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың тұрғындармен есепті кездесуі өтеді. Бұл алқалы жиынға Үкімет басшысының орынбасары-Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі  Асқар Жұмағалиев қатысады. Есепті кездесу МТРК телеарнасында және облыстың ресми интернет-ресурсында тікелей эфирде көрсетіледі.  

БАТЫРДАН ҚАЛҒАН МҰРА

Қазақ халқы қол бастаған көсемге де, сөз бастаған шешенге де кенде болмаған. Солардың бірі – Абылай ханның сенімді тірегі, қолбасшысы болған ержүрек Тышқан батыр.

ӨНЕР КЛУБЫ АШЫЛДЫ

Петропавлда комикс өнер клубы өз жұмысын бастады. Клуб жетекшісі Дархан Баяхметов өнердің бұл түрінің Еуропа мен АҚШ-та кең өріс алғанын, ал Қазақстанда баяу дамып келе жатқанын айтады.