«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 21.02.2019

BELSENDI JASTAR

Maǵjan Jumabaev atyndaǵy gýmanıtarlyq kolledjde jastardy jáne otbasy ınstıtýtyn keshendi qoldaý taqyrybynda “dóńgelek ústel” otyrysy ótti.

АТА-АНА ЖАУАПТЫ

Кәмелеттік жасқа толмаған балалары түнгі уақытта көше кезгені үшін 187 ата-ана жауапқа тартылды. Бұл заң бұзушылықтар “Жасөспірім – заң – қауіпсіздік” жедел- алдын алу шарасы аясында анықталды.

СУ АЙДЫНДАРЫ НАЗАРДА

Қызылжар орман шаруашылығының қызметкерлері жыл басынан бері су қоймаларының жағдайын қадағалау бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізуде. Бұл шаралар барысында судың оттегімен қаншалықты байытылғаны тексерілді.

ОРМАНШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ДӘРІС

Білікті маман кез келген саланың қозғаушы күші саналады. Орман шаруашылығын дамыту үшін де еңбек ресурстарының маңызы зор. Осы мақсатта Мамлют орман шаруашылығында орман күзетінің қызметкерлеріне арналған дәрістер өтуде.

“ҚҰЛАГЕРДІҢ” ШАБЫСЫ БАЯУ

Шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионатының негізгі екі кезеңінің ойындары аяқталып еді, плей-офф сыны басталды. Өткен жылдың қыркүйек айында бастау алған біріншілікке 10 хоккей клубы қатысуда. Командалар бірінші кезеңде бір-бірімен төрт мәрте кездессе, екінші кезеңде алған орындарына және ұпай санына байланысты тағы екі кездесу өткізілді.

ДАНИЯРДЫҢ ҚАРСЫЛАСЫ

Қазақстандық кәсіпқой бокс-шы Данияр Елеусіновтің (5-0, 3 КО) кезекті қарсыласы белгілі болды. Америкалық “BoxRec.com” сайты-ның мәліметі бойынша отандасымыз үстіміздегі жылдың 15 наурызында АҚШ-тың Филадельфия қаласын-дағы “Liacouras Center” аренасында шаршы алаңға шығады.

ЖАНСАЯ – БЕСІНШІ!

АҚШ-тың Сент-Луис қаласында әйелдер арасында шахматтан өткен “Cairnc Cup” турнирінде 4,5 ұпайға қол жеткізген Жансая Әбдімәлік бесінші орынға ие болды.

СУДАҒЫ ТӨБЕЛЕС

Спорттық доданың көбі төбелессіз өтпейді. Бұған спортсүйер қауымның еті үйренгендей. Алайда, бұл жолғы төбелес ойламаған жерден шықты. Су добынан Ресейдің ішкі чемпионатының кезекті турында спортшылардың қатысуымен су ішінде жаппай төбелес болды.

ЖЫЛДЫҢ БАСТЫ БӘСЕКЕЛЕРІ

Үстіміздегі жылы қазақстандық спортшыларды халықаралық ірі додалардан бөлек, 2020 жылы Жапония астанасы – Токио қаласында өтетін жазғы Олимпиада ойындарының жолдамалары сарапқа салынатын іріктеу жарыстары күтіп тұр. Сонымен қатар студент саңлақтарымыз 2019 жылы екі бірдей Универсиада ойындарында ел намысын қорғайтын болады.

ТӨРЕШІНІҢ “ТАРТУЫ”

17 ақпан күні Польша біріншілігінің 22-ші туры аясында “Легия” мен “Краковия” командалары кездескен болатын. Тартысты кездесу қонақтардың жеңісімен аяқталды. Есеп – 0:2.

ХАБИБТІҢ СЫЙЫ

Ақтөбе қаласының тұрғыны Сәуле Болатбаева жеңіл салмақтағы “UFC” (ережесіз жекпе-жек) чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедов жариялаған байқауда “Toyota Camry” автокөлігін жеңіп алды.

ҚОРЫҚШЫЛАР ҚАМҚОРЛЫҚҚА ЗӘРУ

Кең-байтақ еліміз әсем табиғатымен және бай жануарлар әлемімен мақтана алады. Бір өкініштісі, орман байлығына қырғидай тиетін браконьердің қатары азаймай отыр. Осы орайда “Табиғат жанашырлары – қорықшылардың жеке бас қауіпсіздігі қажетті деңгейде қорғалып жатыр ма?” деген сауал туындайды.

КІНӘСІ ДӘЛЕЛДЕНДІ

Петропавл қалалық сотында “Ударник” түнгі клубының маңында былтыр күзде екі қызды қағып кеткен “Лексус” көлігінің жүргізушісі Илья Старухинге қатысты қылмыстық істің нүктесі қойылды. Мас күйде рөлге отырып, 22 жастағы Татьяна Балабанды және 25 жастағы Ксения Овсянникованы соғып кетті деп айыпталған оны сот кінәлі деп таныды.

АЛДЫН АЛҒАН ТИІМДІ

Өткен жылы Қазақстанда қатерлі ісіктің алдын алу мақсатында скринингтік тексерулерге мемлекет қазынасынан 4,3 миллиард теңге бөлінді. Бүгінде елімізде 181 мың адам қатерлі ісікпен күресуде. Біздің өңірімізде өткен жылдың соңында қауіпті дертке шалдыққан 9769 науқас тіркеуге қойылды. Соның ішінде он төрт жасқа толмаған тоғыз бала бар. Жалпы, облыста 59 бала обырға шалдыққан. Әйелдер арасында сүт безі …

АЛДЫН АЛҒАН ТИІМДІ Read More »

БАЛУАН ШОЛАҚ

Сайын дала – Сарыарқа төсі ежелден ән мен жырдың алтын бесігі десек қателеспейміз. Бұл өлкеде талай жақсылардың жарқын ізі қалды. Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай сияқты қазақтың дәстүрлі әншілік өнерін көкке көтерген замана заңғарлары осы қасиетті топырақта жүріп, аспандағы аққуға үн қосты емес пе? Күллі қазақтың мақтанышына айналған сал-серілер шоғырының көрнекті өкілі Балуан Шолақты, …

БАЛУАН ШОЛАҚ Read More »

ТЕННИСШІЛЕР ТУРНИРІ

25 ақпан -2 наурыз күндері аралығында Петропавлда теннистен жасөспірімдер арасында «Petropavlovsk ITF Juniors Championships» атты төртінші дәрежедегі халықаралық турнир өтеді. Алғаш рет жалауы желбірейтін дүбірлі додада елімізбен қатар Ресей және Өзбекстаннан 18 жасқа дейінгі жүзге жуық өрен бақ сынайды. Турнирдің ашылу салтанаты Теннис орталығында болады. 

ИНТЕРНАТТА ОҚЫП ЖҮР…

“Жиі-жиі ойға қалам: іргесін боз өзен жалап жататын интернат болмағанда, интернаттың бір тілім наны болмағанда, біз осы дәрежеге жетер ме едік? Кім біледі…”. Жазушы Шерхан Мұртазаның осы бір сөзінен-ақ интернаттың адам тұлғасының алғашқы кірпіштерін қалайтынын аңғаруға болады.

ЦИФРЛЫ ТЕХНОЛОГИЯ – ИГІЛІК БАСТАУЫ

Премьер-министрдің орынбасары, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев облысымызға жұмыс сапарымен келді.Вице-премьер бастаған делегация Петропавл қаласындағы бірқатар зауыттағы «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының жүзеге асырылу барысымен танысуда. Асқар Жұмағалиев алдымен “С.М.Киров атындағы зауыт” АҚ-ға барды. Кәсіпорынның басшылары қонақтарды механикалық цехтың және қайта құру учаскесiнiң жұмысымен таныстырды. Іргелі зауыт бүгіндері темір жол, мұнай-газ кешендері үшін құрылғылар мен …

ЦИФРЛЫ ТЕХНОЛОГИЯ – ИГІЛІК БАСТАУЫ Read More »

МҮМКІНДІКТЕР КӨКЖИЕГІ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша бүгінгі таңда өңіріміздегі мекемелер мен ұйымдарда латын әліпбиіне көшу жұмыстары жүргізіліп келеді. Жақында “Өрлеу” БАҰО АҚ-ы филиалы ұйымдастырған “Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жағдайында қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту” тақырыбындағы оқыту курсына қатыстық. Жаңа әліпбиді алғашқылардың бірі болып меңгеруге мүмкіндік алдық.

МҰҒАЛІМДЕР АРАСЫНДА ЕРЛЕР НЕГЕ АЗ?

Бізге мектеп қабырғасында қазақ тілі мен әдебиеті, тарих, жаратылыстану, құқық, тағы басқа пәндерден ер мұғалімдер сабақ берді. Олардың сабақ барысында айтқан әр сөзін мұқият тыңдап, түсініп, жадымызда сақтауға тырысатынбыз. Өйткені, әкеміздей сыйлайтын едік. Ал қазір мүлдем басқаша. Соңғы кезде болмысы болбыр, қимылы сылбыр, қыз мінезді ұлдар көбейіп бара жатқандай. Мұның себебін мектептегі ер мұғалімдердің аздығымен …

МҰҒАЛІМДЕР АРАСЫНДА ЕРЛЕР НЕГЕ АЗ? Read More »