«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 21.02.2019

ОҚУҒА ТҮСУГЕ ШАҚЫРДЫ

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мектеп түлектеріне кәсіптік бағдар беру бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда. Жуырда университет ректоры Серік Өмірбаев бастаған факультет декандары, білім ордасының өнерлі жастары Тимирязев ауданында болып, болашақ түлектермен және олардың ата-аналарымен кездесті.

БОЛАШАҚ ДИПЛОМАТТАР ЖЕҢІСІ

Жақында Ресейдің Челябі мемлекеттік университетінде ТМД елдерінің оқушылары мен студенттері арасында ІІІ халықаралық дипломатиялық ойындар өтті. Дүбірлі додада бақ сынаған солтүстікқазақстандық өрендер жеңістің биік тұғырына көтерілді.

ЖАС ВОЛЕЙБОЛШЫЛАР ЖАРЫСЫ

Петропавл қаласында волейболдан 2003-2004 жылдары туған жасөспірімдер арасында облыс біріншілігі өтті. Бәсекеге шаһардағы екі мектеп пен өңір аудандарынан 20 команда қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша ұлдар арасында Петропавл қаласындағы “Жеңіс” олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінің командасы жеңістің биік тұғырына көтерілді. Ал Тимирязев ауданының волейболшылары екінші орынды иеленсе, қызылжарлық команда үздік үштікті түйіндеді. …

ЖАС ВОЛЕЙБОЛШЫЛАР ЖАРЫСЫ Read More »

ҚҰРМЕТКЕ ЛАЙЫҚ

“Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады”, – деп Абай Құнанбаев айтқандай, ұстаз балалар бойына білім-ғылыммен қоса адамгершілік қасиеттерді де қатар дарытады. Болам деген баланың бетін қақпай, белін буып тәрбиелейтін жандардың арқасында өжет, шыншыл және талапты жандардың қатары қалыңдайтыны анық. Ұстаздық етуді өзінің борышы санап, талай баланың сауатын ашқан жандардың бірі – аяулы мұғалім Анар Құлатаева.

АБЫРОЙДЫ ЗАҢ ӘПЕРМЕЙДІ

Бүгінде “Педагог мәртебесі туралы” Заң әзірленіп жатыр. Тіпті оның жобасы жарияланбай жатып, Мәжіліс депутаттарынан бастап қатардағы ұстаздар қауымына дейінгі қоғам өкілдерінің ұсыныстары әлеуметтік желі, бұқаралық ақпарат құралдарының беттерін жаулап алды. Бұл көтеріліп отырған мәселенің қаншалықты өзекті екендігін көрсетсе керек.

ШЕТЕЛДЕ ТӘЖІРИБЕ ЖИНАҚТАЙДЫ

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің басшылығы шетелдік компаниялармен әріптестік байланысты нығайтуға зор мән беруде. Жақында білім ошағына Польшадағы “AGROS SP.zo.о.” компаниясының кадр бөлімінің директоры Анастасия Белова келіп, агротехнологиялық факультеттің оқытушыларымен кездесті.

ҒАЛЫМ ЖОЛЫ

Ғылым мен ғалым. Дыбысталуы үндес, мазмұндық сипаты ұқсас келген, бірінен-бірін бөліп алуға болмайтын осынау ұғымдардың ішкі тұтастығы мен ажырамас бірлігінің сырын шынайы ғалымның шығармашылық, ізденімпаздық, еңбекқорлық әлеміне,оның бүкіл бітім-болмысына, адами парасатына бойлай алғанда түсіне бастайтын секілдісің. Сол түсінік ғалымдық қасиеттің адамға Алладан даритын, өнер тектес қабілет, дарын екендігіне көзіңізді жеткізе түседі. Өйткені, тумысынан ғалым жандардың …

ҒАЛЫМ ЖОЛЫ Read More »

САЛҒЫРТТЫҚ ТҮБІ — ӨКІНІШ

Соңғы жылдары өртсөндірушілерден “Тұрғындар өз өміріне немқұрайды қарайды” деген сөзді жиі естиміз. Шынымен де, мамандар тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін ескерткенімен, көпшілік бұған құлақ аса бермейді. Мұндай салғырттықтың кесірі қайғылы оқиғаларға соқтырып жатқан мысалдар аз емес.

МАЗМҰНЫ МӘНДІ КЕЗДЕСУ

Жастар жылы аясында Қызылжар ауданындағы Нивоникольск ауылдық кітапханасында  «Жастар – ел болашағы» тақырыбында шара өтті. Шараға аға ұрпақ өкілдері мен жастар қатысты. Жиын барысында олар жастарды толғандыратын мәселелерді талқылап, өз ойларын ортаға салды. Бірлік пен татулық, тұрақтылық пен тыныштық салтанат құрған елімізде арман-мақсаты айқын жастарға әрқашан  қолдау көрсетілетінін қатысушылар тілге тиек етті.  Кездесуде «Рухани жаңғыру», …

МАЗМҰНЫ МӘНДІ КЕЗДЕСУ Read More »

ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

Алматы қаласында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауынан 16 солтүстікқазақстандық оқушы жүлделі оралды. “Дарын” республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы ұйымдастырған дәстүрлі ғылыми жобалар байқауына биыл 800 оқушы қатысты. Оңтүстік астанаға біздің облысымыздан жалпы пәндер бойынша іріктеу кезеңінен өткен 28 жоба авторы аттанған болатын. Жуырда Оқушылар сарайында жүлделі оралған жас ғалымдарды марапаттау рәсімі өтті.

КҮШ БІРІКТІРУ ҚАЖЕТ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру” атты Жолдауында сыбайлас жемқорлықпен белсенді күресуге баса назар аударды. Ал бұл дерттен тек белсенді әрі мықты азаматтық қоғам қалыптастыру арқылы арылуға болады.

ҚАСКӨЙЛЕР АЛЫСҚА ҰЗАМАДЫ

Белгісіз біреулер түнде көшеде келе жатқан ерлі-зайыптыға шабуыл жасап, қолдарындағы сөмкелерін жұлып әкеткен. Қолды болған сөмке көп ұзамай табылғанымен, ішіндегі 25 мың теңге жоқ болып шықты.Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шаралары барысында екі күдіктіні ізін суытпай ұстады. Белгілі болғандай, жігіттердің бірі осыған дейін ұрлық жасағаны үшін сотталған екен. Енді олар 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. …

ҚАСКӨЙЛЕР АЛЫСҚА ҰЗАМАДЫ Read More »

БАСПАНАСЫЗ ҚАЛҒАН БЕС БАЛАЛЫ АНА

WHATSAPP желісіне Петропавл қаласының тұрғыны Меруерт Түленованың атынан сауал келіп түскен болатын. Хатта нәзік жан баспана мәселесі шешімін таппай отырғанын жазып, шағымданған.

ПОЛИЦИЯНЫҢ КӨЛІГІН СОҚТЫ

Петропавл қаласындағы Жамбыл және Володарский көшелерінің қиылысында «Тойота Камри» маркалы көліктің жүргізушісі патрульдік полицияның «Лада 21214» маркалы қызметтік көлігіне соғылды. Шетелдік көліктің жүргізушісі солға бұрыларда жол ережесін өрескел бұзған. Бұл әрекеті үшін жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.

ЭКОНОМИКАНЫҢ ТІРЕГІ

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамытуды тапсырды. Бүгінге дейін саланы жан-жақты дамытудың тың жолдары белгіленіп, елімізде ауыл шаруашылығын жүргізу үлгілері қалыптасты. Соңғы жылдары жаңа технологиялар енгізіліп жатқанына куә болудамыз.

БИЛЕР СОТЫ — БАБА ЖОЛЫ

Өңірлік “Рухани жаңғыру” жобалық кеңсесінде ардагерлердің қатысуымен қоғамдық кеңес өтті. Отырыста жобалық кеңсе басшысы Жанар Таласпаева “Рухани жаңғыру” бағдарламасы және оны жүзеге асырудың жолдарына тоқталды. Бағдарлама іске қосылған уақыттан бері бірталай шара өткізілген. Жиында жаңғырған қоғам қалыптастырып, халқымыздың рухани әлемін байытуды көздеген бұл бағдарламаның ұрпақ тәрбиелеуде маңызды рөл атқаратыны айтылды.

ГРАНТҚА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Бүгінде өңірімізде өз кәсібін дөңгелетемін деген адамдардың саны көбейіп келеді. Жуырда олардың қатары 86 кәсіпкермен толықты. Облыстық кәсіпкерлер палатасында өткен жиын барысында мемлекеттік гранттан үмітті жас кәсіпкерлердің өтініштері қаралды.

ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРТТАР

Қазір біздің өңірімізде 103520 зейнеткер бар. Олардың 94-і Ұлы Отан соғысының ардагері болса, 8277-сі – тыл еңбеккері. Сондай-ақ, облысымызда бес мыңға жуық жалғызбасты қарт тұрады. Үш мыңнан астамы әлеуметтік сала мамандарының қамқорлығына алынған. Бұл туралы облыстық ардагерлер кеңесінің алқа отырысында айтылды. Жиын барысында 2018 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы шығарылып, алда тұрған міндеттер сараланды.

ӘКЕГЕ ҚАРАП ӨСКЕН ҰЛ

Жерлесіміз, сазгер, журналист Шашубай Малдыбаевтың есімі Қызылжар жұртшылығына, әсіресе, өңіріміздегі зиялы қауым өкілдеріне, руханияттың айналасында жүрген азаматтарға жақсы таныс. Кеше Шашубай Малдыбаев алдағы жылы бір ғасырлық мерейтойын атап өткелі отырған редакция ұжымымен кездесіп, емен-жарқын әңгімелесті.

МЕРЕЙЛІ БЕЛЕС

Бір жылдан кейін, яғни 2020 жылдың 22 ақпаны күні “Soltustik Qazaqstan” газеті өзінің 100 жылдық мерейтойын атап өтеді. Бұл айтулы дата – бар саналы ғұмырын редакцияның гүлденуіне арнаған және сол соқпақты абыроймен жалғап келе жатқан тілшілер қауымы ғана емес, байырғы басылымның жанашырлары, қалың оқырманы үшін де мерейлі қуаныш.