ЗАМАНДАС БЕЙНЕСІ

Елімізде денсаулық сақтау саласын білікті мамандармен қамтамасыз етуге жете мән беріліп отыр. Өйткені, адамның өмірі көп жағдайда ақхалатты жандардың қолында. Дәрігерлер арасында өз ісіне ұқыпты, шаруасына мығым, қызметіне жауапкершілікпен қарайтын Күнсұлу Абабаева мен Жұлдыз Хабибуллина сияқты өз ісінің білгірлері аз емес.