Тәртіп сақшылары «Мигрант» жедел алдын алу шарасының аясында көші-қон ережесін бұзғаны үшін 145 шетелдікті әкімшілік жауапкершілікке тартты. Олардың алтауы соттың шешімімен елдеріне қайтарылды. Шара барысында облыс орталығындағы сауда, құрылыс орындары, сапаржай, шетелдіктер топтасып қоныстанған басқа да орындар тексерілді.
Жыл басынан бері облыста көші-қон заңнамасын бұзған 376 шетелдік азамат жауапкершілікке тартылса, 17-сі өз елдеріне қайтарылды.