Қойылым өзегі — адами құндылық
Облыстық қуыршақ театрының 35-ші жаңа маусымы ресейлік режиссер Борис Ходыревтің “Благодарный журавль” спектаклінің тұсаукесерімен басталды. Жаңа маусым актриса, Мәдениет саласының үздігі Айгүл Кенжеғозина-Хасенованың шығармашылық мерейтойымен тұспа-тұс келді. Тоғыз жастан асқан балаларға арналған спектакль жапон драматургі Дзюндзи Киноситаның пьесасы негізінде қойылды. Басты рөлді – Айгүл Науқанқызының өзі сомдады. Қойылымда қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелер мен махаббат, сатқындық, …