«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАЛАПҚА САЙ ЕМЕС

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазіргі уақытта облыс аумағында 529 мал қорымы бар болғанымен, олардың барлығы да ветеринарлық-санитарлық талапқа сай келмейді.

Облыстық ветеринария басқармасы мамандарының айтуынша, өңірдегі мал қорымдарының тек 17-сі типтік үлгіде салынған.

– Аудандарға мал қорымдарының бүгінгі жағдайы көңілден шықпайды. Ветеринарлық-санитарлық талаптарға сәйкес, әр ауданда кем дегенде екі мал қорымы болуы тиіс. Дегенмен, мал шаруашылығымен айналысатын құрылымдардың басшылары мал қорымдарын салу және оны күтіп-ұстау мәселесіне қажетті деңгейде көңіл бөлмей келеді. Дұрыс қоршалмаған мал қорымдарына қаңғыбас иттер кіріп, өлекселермен қоректенетіні анықталды. Ал, бұл өз кезегінде түрлі аурулардың таралуына себеп болуы мүмкін, – дейді басқарма басшысы Алтынбек Абдоллаев.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp