«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАҢА ҮЙІРМЕ АШЫЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қаласында заманауи семсерлесу спорт үйірмесі өз жұмысын бастады.

Бүгіндері бұл жерде 15 петропавлдық ортағасырлық жекпе-жектің қыр-сырын меңгеріп жүр. Тарихи ортағасырлық және заманауи семсерлесу бойынша жаттықтырушы Владимир Тороповтың айтуынша, бұл спорт түрі әлемде 2016 жылдан бері ресми түрде танылған.

– Қатысушыларымыз семсерлесу өнерінің әліппесі мен техникасын үйренуде. Алдағы уақытта әлем және еуропа біріншіліктерінде ел намысын қорғайтын спортшыларды даярлауды жоспарлап отырмыз. Тәрбиеленушілерімізді қара күшпен қатар епті, физикалық және моральдық тұрғыда төзімді болуға, жылдамдыққа, шапшаң ойлауға, жинақылыққа үйретеміз, – дейді жаттықтырушы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp