«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖҮЗ ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазіргі уақытта қала әкімдігінде 14 мыңға жуық адам пәтер кезегінде тұрса, олардың 5 мыңнан астамы әлеуметтік аз қамтылғандар санатына жатады.

Биыл “Нұрлы жер” бағдарламасы аясында тұрмысы төмен 100 отбасыға баспана сатып алу құқығынсыз жалға берілмек. Былтыр аталған жоба арқылы 260 солтүстікқазақстандыққа пәтердің кілті табыс етілген болатын.

Баспаналар белгілі бір тәртіп бойынша үлестірілетін болады. Петропавл қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі коммуналдық және ипотекалық тұрғын үйді есепке алу және бөлу секторы меңгерушісінің міндетін атқарушы Эльмира Смағұлованың айтуынша, бірінші кезекте ҰОС ардагерлеріне, жетім балаларға және өзге ел аумағында әскери іс-әрекеттерге қатысқан жандарға беріледі. Одан кейін 9 санаттан тұратын халықтың әлеуметтік әлжуаз тобы пәтерге үміт арта алады. Яғни, үйлер толық емес отбасы мүшелеріне, көпбалалы отбасыларға, зейнеткерлерге, мүгедектерге, оралмандарға үлестіріледі.

Баспаналы болған отбасы кейін басқа жаққа көшетін болған жағдайда, пәтер әкімдіктің резервіне қайтарылып, жалпы кезектегі келесі жанға беріледі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp