«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КАРТОП БАҒАСЫ АРЗАНДАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Биылғы қыста облысымызда картоптың бағасы арзандады. Егер былтыр оның бір килограмы 200 теңгеден саудаланса, биыл көтерме сауда базарларында 35-40 теңгеден өткізілуде.

Облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының бөлім басшысы Мұрат Нұрқановтың айтуынша, былтыр облыста картоп алқабының көлемі 30 пайызға ұлғайды. Нәтижесінде күзгі жиын-терім барысында 587 мың тонна картоп алынды. Бұл 2017 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 100 мың тоннаға артық.

Алайда нарықта картоп көлемінің артуы жергілікті кәсіпкерлерге қиындық туғызуда. Себебі, артылғанын Пәкістан мен Өзбекстанға сататын шаруалардың өнімдеріне деген сұраныс көрші Ресейде де азайған.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp