«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӨҢІЛДЕН ШЫҚҚАН КЕШ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жастар сарайында Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланының оркестрі мен әнби ансамблі қала жұртшылығына арнап концерт қойды.

Ұлттық Ұланның мақтанышына айналған қос ұжым бірқатар халықаралық өнер байқауларында топ жарған. Кеш барысында өнерпаздар осы додаларда жеңіс әперген туындыларды шырқады. Шәмші Қалдаяқовтың “Арыс жағасында” әні әуелегенде аға буын өкілдерімен бірге жастар да бір марқайып қалды. “Дударай” әнін оркестр әншісі Абай Саттаров орындап, қошеметке бөленді. Кеңестік кинофильмдердің туындылары да кештің сәнін келтірді. Бауыржан Бақаев күйлерден поппури орындап берді. Ал, Эльвира Нұрғожина “Белый танец” әнін әуелетіп, зор ықыласқа бөленді.

Өнерпаздар концертті Жастар жылына орай ұйымдастырды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp