«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОЛДАН АЗЫҚТАНДЫРЫЛУДА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Үстіміздегі жылы облыста қар жылдағыдан қалың түсті. Қысы алты айға созылатын өңірде жабайы аңдарға азық табу қиын. Сондықтан Есіл ауданындағы «Красный бор» жануарлар дүниесін қорғау және өсімін молайту мемлекеттік мекемесінің ұжымы жануарларға көмекке келіп, ормандағы жабайы жануарлар мен құстарды қорғау шараларын жүргізуде.

– Маралдың ғана саны біздің мекеме аумағында мыңға жетті. Олар аштан өлмеуі үшін осы кезде біз қолдан қоректендіруді бастаймыз. Орман ішіне 13 астау қойдық, 5 азықтандыратын алаңымыз бар, – дейді мекеменің аға қорықшысы Виктор Кротенко.

Жалпы аумағы 60 мың гектардан астам жерді бақылайтын мамандар қорықты мекендейтін жануарларға азықтандыру алаңдарын жасауда. Былтыр бұл мақсатта 35 мың ағаш жапырақтары, жеткілікті мөлшерде шөп және жем-азық дайындалған болатын. Қазіргі уақытта мамандар бұл қорды жануарлар тұрақты және уақытша мекендейтін қары қалың жерлерге жеткізумен айналысуда.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp