«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Білім және ғылым министрі лауазымына Күләш Шәмшидинованың кандидатурасы мақұлданды. Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында Шәмшидинова Күләш Ноғатайқызының кандидатурасын Білім және ғылым министрі лауазымына тағайындауға келісті. 

Бұл талқылау ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес өткізілді. «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 22-1 бабына сәйкес аталған мәселе Комитет отырысында қарастырылды. Қазақстан Үкімет басшысының тапсырмасымен Күләш Шәмшидинованың кандидатурасын ҚР Премьер-Министрі кеңсесінің басшысы Нұрлан Алдабергенов таныстырды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp