«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚЫЗДЫ ТӘРБИЕЛЕУ — ҰЛТТЫ ТӘРБИЕЛЕУ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қыз бала тәрбиесі, оның отбасындағы рөлі, инабатты келін атану үшін нәзік жанның бойында қандай қасиеттер болуы керек? Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрында өткен “Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталады” атты дәстүрлі облыстық аналар форумы осы тақырыптар төңірегінде өрбіді. Шарада көпті көрген ақ жаулықты аналар бойжеткендерге ақыл-кеңестерін айтып, бақытты отбасын құру жолдарымен бөлісті.

Тәрбиелік мәні зор жиында Сапура Тәшенова мен Зәуреш Жиентаева әйел адамның қоғамда алатын орны, олардың отбасындағы беделі мен бала тәрбиесі жайында тұшымды ой-пікірлерін ортаға салды. Олар қазақ қыз­дарына қайсарлық, өжеттілік, көрегенділік пен даналық сияқты қасиеттер тән екен­дігін тілге тиек ете келе, әйел адам кез келген жағдайда үйдің берекесі болып қалу керектігін алға тартты. Қос ана бүгінгі Қазақстан әйелдерінің отбасындағы, мемлекеттік қызмет­тегі, бизнестегі, денсаулық сақ­тау, білім беру салаларындағы еңбектерін де кеңінен қозғады. “Биылғы форумды өзгеше форматта ұйымдастыруға тырыстық. Бұл жолы біз нәзік жандардың қандай жағдай орын алмасын, жақсы жар, қамқор ана, ибалы келін болып қалу қажеттігін сөз етудеміз”, – деді облыстық аналар кеңесінің төрайымы Күлімкөз Смайылова.

Форум барысында отбасы алдындағы міндеттері мен қызметін қатар алып жүрген аналар қыз балаға сәби күнінен тәрбие беру керектігін сөз етті. “Бұрын әжелеріміз қыз бала дүниеге келген сәттен бастап, тәрбиеге зор мән берген. “Қызға қырық үйден тыйым”, “Қыздың ұяты шешеге”, “Қызым, саған айтам, келінім, сен тыңда” деген мақал-мәтелдер осыдан туындаса керек. “Қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз” деген қанатты сөздің өзі қыз бала тәрбиесінің қаншалықты маңызды екенін білдіреді”, – дейді Сапура Тәшенова.

Форумнан соң қатысушылар театр ұжымы әзірлеген “Ана” спектаклін тамашалады. Сондай-ақ, қолөнерші қыз-келіншектер көрме ұйымдастырып, кесте тігу және бисермен тоқыма тоқу бойынша шеберлік сыныбын өткізді.

Гүлбике КУБЕНОВА, “Soltústik Qazaqstan”.

Суретті түсірген Вадим МУДАРИСОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp