«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАС АҚЫНДАР ЖҮЛДЕСІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ерік Асқаров атындағы облыстық ақындар орталығының құрылғанына көп уақыт өте қоймаса да шәкірттеріміз түрлі облыстық, республикалық додаларға қатысып, биіктерден көрініп жүр. Жуырда қос бірдей өреніміз – М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті Мақсат Серік пен Әбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаттың оқушысы Диас Аяған Алматыда өткен ақындар айтысында бақтарын сынап, арнайы жүлделерді қанжығаларына байлады.

Мақсат жастар арасында өткен “Менің пірім – Сүйінбай!” атты республикалық айтыста таңдаулы 20 ақынның ішінен “Салмақты ақын” аталымы бойынша үздік деп танылса, Диас Алматының іргесіндегі Ұзынағаш ауданында жыр алыбы – Жамбылға арналған бәйгеде Ү.Кәрібаева атындағы және Жамбыл ауданы әкімінің арнайы жүлдесін жеңіп алды. Аталмыш айтысқа еліміздің барлық өңірінен 28 жас ақын қатысқан болатын.

Қазақ айтыс өнерінің майталманы, қазылар алқасының төрағасы болған Айтақын Бұлғақовтың Диас Аяған жайлы “Шумақтары өткір, ұйқастары шымыр, сөзінен суырыпсалмалық қасиеті анық аңғарылады. Болашағынан зор үміт күтеміз”, – деп баға беруі көңілімізді бір көтеріп тастады.

Жарқын ЖҰПАРХАН, Ерік Асқаров атындағы облыстық ақындар орталығының жетекшісі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp