СҚО полиция департаментінің жедел-криминалистік басқармасының бас криминалисі Жақсылық Валеев өз мамандығы бойынша озат атанды.
Ол өткен жылы 200-ге жуық тергеу амалдарына және жедел іздестіру шараларына қатысқан . Облыстық жедел-криминалистік басқарма мен оның қалалық, аудандық бөлімшелерінің криминалистері арасында өткен байқауға 25 маман қатысқан болатын. Олар алдымен білек күштері мен ептіліктерін сынап, жекпе-жектен, «Макаров» пистолетінен атудан сайысты. Одан кейін Қазақстан заңнамалары бойынша білімдерін сынады.