Бүгін облыстық мәслихаттың мәжіліс залында жаңадан сайланған өңірлік қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы өтті. Облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Қайырлы Едіресов жұмыс жоспары туралы баяндап, кеңес мүшелеріне жемісті еңбек тіледі.
Алғашқы отырыста қоғамдық кеңестің мүшелері балық аулайтын көлдер тізімін бекіту, агроқұрылымдарға берілетін тыңайтқыштарға демеуқаржы тағайындау, егіншілік саласындағы мемлекеттік қызмет түрлері, облыстық әкімдіктің бірқатар қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға қолдау көрсету сияқты жиырма шақты өзекті мәселе қарады. Қоғамдық кеңес мүшелері тақыланған мәселелер бойынша бірауыздан шешім қабылдады.