«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДУМАН КҮДЕРОВ АТЫНДАҒЫ БАЙҚАУ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ертең Оқушылар сарайында Думан Күдеров атындағы “Сарқылмас бұлақ” атты аймақтық күйшілер байқауы өтеді.

Жастар шығармашылығын насихаттау мақсатында облыстық халық шығармашылығы және мәдени-демалыс орталығының ұйымдастыруымен өтетін додаға біздің өңірмен қатар Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстарының 90-ға жуық өнерпазы қатысады. Қазылар алқасы үміткерлердің өнерін олардың жас ерекшеліктеріне қарай үш топқа бөліп, бағалайды. 11-14 жас аралығында өнер көрсететіндердің бірі – “Күдер” ансамблінің мүшесі Расул Өмірзақ. Жерлесіміз бұған дейін халықаралық, республикалық конкурстарда жүлделі орындардан көрінген.

Думан Күдеровтың анасы Тойкен Қабиқызының айтуынша, додаға қатысуға тілек білдірушілер қатары жыл сайын арта түсуде.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp